Бүгінгі таңда қарыздың жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
UPD: Әміржан Нәбиев Алматы мәслихатының қазіргі депутаты болып табылады. Кәсіпкер 2013 жылы “Нұр Отан” партиясының (қазіргі “Аманат”) қатарына қосылып, келесі жылы Алматы мәслихатына сайланды.
Әміржан Нәбиев 20 жылдан астам уақыт бойы “Атрикс-Строй” ЖШС құрылыс компаниясын басқарды. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сүйенсек, оның құрылыс компаниясының негізгі тапсырыс берушісі Алматы әкімдігі болып табылады. “Атрикс-Строй” соңғы ірі тапсырысын қалалық әкімдіктен конкурссыз 17 млрд теңгеге алды. Набиевтің компаниясы қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.