No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

7 әкім, 2 судья: Өткен жылы жемқорлыққа барған мемлекеттік органдар аталды

15.07.2023
Жаңалықтар
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Антикордың 2022 жылғы Ұлттық есебіне сәйкес, барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 2021 жылы – 1 557 болған, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды, 2021 жылы көрсеткіш 892 адам болған. Олардың ішінде:

  • ішкі істер органдарының қызметкерлері (жұмыскерлері) – 187 (2021 жылы 207);
  • әкімдік қызметкерлері – 143 (2021 жылы 145);
  • әкімдер – 7 (2021 жылы 5);
  • Қаржы министрлігі – 40 (2021 жылы 34);
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18 (2021 жылы 19);
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14 (2021 жылы 5);
  • Денсаулық сақтау министрлігі – 5 (2021 жылы 16);
  • Төтенше жағдайлар министрлігі – 5 (2021 жылы 5);
  • экономикалық тергеу қызметі – 5 (2021 жылы 4);
  • прокуратура – 5 (2021 жылы 3);
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 5 (2021 жылы 2) адам;
  • судьялар – 2 (2021 жылы 3) және де басқа тұлғалар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді.

«Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13 %-ды (733-тен 827-ге дейін) құрады», – делінген хабарламада.

Бұған қоса агенттік дерегінше, кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы 108 млрд. теңгені құрады. Жалпы, Агенттік 653 млрд. теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті», – делінген есепте.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн. теңге сомасына сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды.

2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Электросамокаттарға жаңа шектеулер қойылмақ

07.08.2023

Шымкенттік кәсіпкерлер 8 мың тонна мазутты заңсыз сатқан

06.09.2022

Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек

14.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа