No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
50
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті, деп хабарлайды kazbusiness.kz Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, мәжіліске түскен заңсыз капиталды шетелден қайтару туралы заңның шикі тұсы көп. Дегенмен клептократтар 30 жыл бойы талан-таражға салған халық байлығын елге қайтару керек. Оның көлемі шамамен 150 млрд долларды құрап отыр.

“Ал енді осы қаржыны қайтаруға бірінші кезекте міндетті органдар заң қабылданған соң іске кірісеміз деп, арқаны кеңге салуға болмайды. Елден жылысталған активтерге тықыр таянған сайын клептократтар оны түрлі схемалармен әлемнің түкпір-түкпіріне тығу үшін жанталасып жатыр”, – деді Бәпи мәжілістің бүгінгі отырысында.
Депутат халықаралық журналистер консорциумының көмегімен анықталған ақпаратты бас прокурорға және тиісті органдарға жеткізуденжалықпайтынын ерекше атап өтті. Ал бас прокуратура заңды күтпей, шұғыл іске кірісуі керек.

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 23-де ҚР парламенті мәжілісінің қарауына «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты» бес заң жобасы келіп түсті. Бұл мәселеге қатысты ел ішінде тиісті заңдар әзірлеп, қабылдау жөнінде мемлекет басшысы былтыр, яғни 2022 жылы тапсырма берген болатын.

«Халық қазынасынан ұрланған, жырланған активтерді елге қайтаруға қатысты зарықтырған заң жобасы ақыр соңы мәжіліске келіп түсті. Әзірге көз жүгіртіп шыққанда, әрине, оның шикі тұстары аз емес. Бірақ, біз, депутаттар бұл заңды елде әділет орнатудың бір инструментарийі деңгейіне жеткізіп қабылдауымыз керек деп ойлаймын. Бұл күн тәртібінде тұрған өте маңызды мәселе», – деді депутат Ермұрат Бапи аталған заң жобалары тұрғысында.

Бас прокурорды «тиісті заңның қабылдауын күтпей, іске шұғыл кірісуге» шақырған мәжіліс депутаты, алдағы бес жылда клептократия тақырыбын «парламент партасынан» қайталай беретінін де жасырған жоқ.

Елден заңсыз шығарылған активтерге қатысты Ермұрат Бапидің бұл жолғы негізгі үш сауалы «Қазақстанның газын сыртқа сататын Tethys компаниясына» және Нұрали Әлиев пен Ғалымжан Есеновке қатысты өрбіді.

“Мәселен, сізге белгілі болуы мүмкін, бірақ қоғам үшін жаңа ақпарат айтайын, бас прокурор мырза, сіз Қазақстанның газын сыртқа сататын Tethys (Тетис) компаниясын білесіз бе? Білмесеңіз – әлемдік газ-трейд компанияларының регистріне көз жүгіртіңіз. “Тетистің” басты иелерінің бірі – Қайрат Шәріпбаевтың қызы. Ал ашық ақпараттың айтуы бойынша, Шәріпбаев – Дариға Назарбаеваға телініп жүрген күйеу екенін білесіз. Міне, осы “Тетис” фирмасы Қайрат Шәріпбаев басқарған мемлекеттік монополист “ҚазТрансГаз” ұлттық компаниясының газын сыртқа сатып келген. Қазір журналист-зерттеушілер соңғы сегіз жылда бұл фирма Қайрат Шәріпбаевтың бақылауындағы APL (АйПиЕл) Construction компаниясы арқылы Батыс банктеріне бірнеше миллиард доллар шығарғанын анықтады. Кейбір ашық ақпаратта 20 млрд доллар деген мәлімет айтылып жүр”, – деп атап өтті Бәпи.

Осы орайда депутат ұрланған миллиардтар байлықтың ғана көзі емес, билікке қайтадан араласудың құралы болуы мүмкін екенін жеткізді. Себебі ондай қыруар қаржыға шынында да “жиырма мың терроршы” жалдауға болады. Осылашйа, бұл миллиардтар реваншистердің резервіне айналады.

“Екінші мысал айтайын. Мәселен, Швейцария өкіметі Ғалымжан Есеновтың есепшотында орасан зор ақша жатқанын анықтады. Есенов – Есімовтың күйеу баласы. Ал Ахметжан Есімов кімнің етжақыны екені бізге де, сізге де белгілі. Есепшот иесі бұл ақша өзіне тиесілі екенін дәлелдей алмаған соң, швейцариялық тергеушілер Ғалымжан Есеновтың қаржылық қызметі туралы не білесіздер деп, Қазақстанның бас прокуратурасынан көмек сұрамай ма? Мына қызықты қараңыз: Сізге дейінгі бас прокурор швейцариялықтарға Ғалымжан Есенов “сүттен – ақ, судан – таза”, оған қатысты қозғалған іс жоқ депті. Анығында, сол кездегі президенттің бұйрығымен Есеновке қатысты іс тоқтатылған екен”, – деді Бәпи.

Депутат бас прокурорды осы нақақ жабылған істі қайтадан қозғауға үндеді.
“Екінші сауал: осы Есенов мырза Jusan bank-тің бір иегері ретінде тұтастай бір банкті тегі – Бангладеш, азаматтығы – америкалық Рон Вахид деген күдікті операциялардың шеберіне басы бүтін беруге әрекет жасап жатыр. Сіз құзырлы лауазым иесі ретінде осы алаяқтыққа қарсы қандай қимыл жасамақ ойыңыз бар?”- деп сұрады депутаты.
Бәпи “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының құрамында болған стратегиялық маңызы бар “Транстелеком” компаниясының экс-президент Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевке су тегін берілгенін де мәлімдеді.

“Баланстық құны 250 миллиард теңге тұратын, жылдық түсімі 80-90 миллиард теңгені құрайтын ұлттық меншік небәрі 18 миллиард теңгеге сатылды. Осы “Транстелеком” Нұрәлі Әлиевке әр жылдары жалпы көлемі 8 миллиардқа жуық дивидент төлеген. Енді осыншама заңсыз төленген ақшаны тезірек қайтару керек”, – деп түйіндеді Бәпи.

Аталған заң жобасы аясында бас прокуратура құрылымында заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жеке департамент, сондай-ақ мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару жөніндегі арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құрылады деп пайымдалуда.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

фото: istock

Елімізде инфляция деңгейі төмендеді

15.08.2023

Елімізде такси қызметіне қатысты бірқатар өзгерістер енгізілмек

31.05.2023

Үкімет пияз бағасын реттеуді тапсырды

07.08.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа