Маңғыстау облысында екі топ жастар арасында жаппай төбелес болды деп хабарлайды Kazbusiness.kz
15 шілдеге қараған түні сағат 03:30 шамасында көшеде екі топ жігіттер арасында төбелес орын алған. Оқиға Бейнеу ауылының Тәжиев көшесінде болған. Қақтығыстың себебі белгісіз.
Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап, ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Төбелеске қатысушыларды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар.