No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Криптовалюта: инвестиция салудың артықшылығы неде?

11.12.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінде әлемде кирптовалютаның мыңдаған түрі бар. Осы орайда қаржы консультанты әрі инвестор Әлібек Жалғасбаев олардың кейбіріне ғана инвестция салуға болатынын айтады.

«Криптовалютаны кім көрінген жасай алады. Олардың басым бөлігінің жақсы іргетасы, сапалы техникалық базасы жоқ. Оларды ойлап тауып, елең еткізерлік ат қояды да айналдырып, бағасын көтереді. Ал содан кейін «секіріп» кетеді. Соңынан секіргендер ұтылып, бірінші шығып кеткендер табысқа кенеледі. Бұл да қаржы пирамидасы сияқты ғой. Дегенмен, үлкен команда жұмыс істейтін негізгі бірнеше криптовалюта бар. Олар нарықта 14 жыл қолданыста әрі өздерінің блокчейн технологиясын қосымша, бағдарламалық қамтамасыз ету, Play To Earn ойындары арқылы қалыптастырады. Олардың өзіндік жасқы базасы бар. Оған эфириум, биткоин жатады. Меніңше, тек осыларды ғана қарастыруға болады. Егер сіз бұл салада сарапшы болмасаңыз, онда қалғандарын мүлдем ұмыту керек», – дейді сарапшы.

Оның атап өтуінше, валютаға инвестиция жасау жайында айтқан кезде түрік лирасы немесе непал рупиі емес, доллар жайында ғана сөз болады.

«Доллар да биткоин сияқты. Ал қазақстандық теңге қалған елдердің бәрінде қабылдана бермейді. Криптовалюта өзінің жүйесінде ғана қабылданады және ол қоғамдастық шағын ғана болса, онда ондай криптовалютаға иелік етудің еш мәні жоқ. Бәріне бірдей пицца сатып ала бермейсің. Ал егер әлем халқының 30 пайызы қолданатын криптовалютаға иелік етер болсаңыз, онда ол құнды бола түседі әрі оған кез келген затты сатып ала аласыз. Осы тұрғыдан алғанда эфириум мен биткоин құнды, ал қалғанының еш құны жоқ», – деп атап өтті Әлібек Жалғасбаев.

Сонымен қатар ол өткен жылдың соңында 68 мың доллардан асып жығылған биткоинның бүгінде 23 мың долларға дейін құлдырау себебін түсіндіріп берді.

«Биткоин пайда болған сәттен бергі жайт әлі де қайталанып келеді. Әр уақытта да ол шырқау шегіне жеткеннен кейін 70 пайызға дейін құлайды. Алғаш рет мұндай жайт биткоин шамамен 10-20 доллар тұрған кезде болды. Сол кезде 6 долларға дейін құнын жоғалтты-ау деймін. Келесі жолы ол 1 мың долларға дейін көтеріліп, 400 долларға, одан соң 19 мың доллардан 3 мың долларға құлдырап кетті. Бұл – санмен алғанда өте үлкен құлдырау саналады. Қазір ол 60 мың доллардан 18 мыңға дейін құлады. Осындай жайт болып жатыр және бұл биткоинның нашарлығынан емес. Адамдарда қорқыныш пайда болды және олар сата бастады. Бойыңызды қорқыныш билегенде одан құтылып, қарақұмық пен дәретхана қағазын сатып алғыңыз келеді», – деді ол.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржы пирамидасы қалай бүркемеленуі мүмкін?

25.01.2023

Талдықорғандық кәсіпкерлер жалға беру бағасының күн сайын көтеріліп жатқанына наразы

23.11.2022

2022 жылы Кентауда 180-нен астам үміткерге мемлекеттік грант берілді

18.01.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа