Үкімет облыс әкімдігінің сұрауы бойынша Маңғыстау атом энергетикалық кешенін жөндеуге өз резервінен 4,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.
Қаржыландыру қажетті қосалқы жабдықтар мен компоненттерді сатып алуға бөлінді, олардың тізбесін “МАЭК”ЖШС ұсынды.
“Авариялық жағдайда тұрған құрамдас бөліктерді ауыстыру жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін қолдауға және электр станцияларының генерациялаушы жабдықтарын ажырату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, пайдалану кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.
3 шілдеде МАЭК-те 1-ші энергоблоктың істен шығуы орын алды, соның салдарынан Атырау және Маңғыстау облыстары электр энергиясынсыз қалды. МАЭК пен АМӨЗ-де болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктерді анықтады.