«Dolche Pharm» негізін қалаушы Елена Лидің айтуынша, дәл қазір индустрияландыруды бұрынғыдан да көтеру керек.
— Біздің барлық табыстарымыз, салықтарымыз, жұмыс орындарымыз индустрияландыруда сақталады. Біз 24 жылдық тәжірибесі бар компания ретінде елге фармацевтикалық, медициналық қауіпсіздікті орнатуға көмектескенімізге қуаныштымыз, — деді ол.
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» форумы барысында «Dolche Pharm» компаниясы алдағы 7 жылға фармацевтикалық кластерді дамыту жобасын ұсынды, онда тауар айналымы 60 миллион және 8 миллиард инвестиция тартылады. Бұл медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығаратын кластер болады.
Алматы облысында кезең-кезеңімен іске қосылатын 7 зауыт салу жоспарлануда. Биыл шприц шығаратын зауыт іске қосылуда.
Жобаларға Түркия, Корея, Швейцария инвесторлары қызығушылық танытуда.