“АлматыЭлектроТранс” ЖШС бұрынғы бас директоры Бекмырзу Игенбердинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Игенбердинов Бекмырзаны кінәлі деп тану және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау”, – делінген сот үкімінде.
2022 жылғы 27 қыркүйекте Бекмырза Игенбердинов 160 мың доллар пара алған кезде ұсталды. Игенбердинов өткен жылдың маусым айында Астананың көлік жүйесін дамытумен айналысқан city Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті.
“Алматыэлектротранс” ЖШС Алматыдағы қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді.