No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік инвесторлар Қазақстанда екі жаңа зауыт ашады

03.05.2023
Жаңалықтар
52
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылығы министрі шетелдік инвесторлармен кездесті. Шетелдік екі бірдей компания Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Атап айтқанда, қытайлық Wanlin Group Limited компаниясы пияз өндірісі бойынша көшбасшы болып табылатын Жамбыл облысында дегидрацияланған көкөністер шығаратын зауыт салуға ниетті. Компания президенті Ли Янтао жобаны 5 жыл ішінде үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, ал инвестициялардың жалпы көлемі 30 млн долларды құрайтынын айтты. Инвестор Жамбыл облысының үш ауданында пиязды отырғызып үлгерді, қазір пилоттық егінді сынау нәтижелері күтіліп отыр.

Айта кетейік, ҚХР-да Wanlin Group Limited компаниясының дегидрацияланған көкөністер өндіретін екі ірі зауыты бар. Өнімдер негізінен АҚШ пен Еуропаға экспортталады. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа ірі компаниялармен серіктес.

Қостанай облысында мамыр айының ортасында түріктің Аrbel компаниясының бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін жаңа зауыты ашылады. Компания төрағасы Хусейн Аслан кәсіпорында 70-ке жуық адам жұмысқа орналасатынын атап өтті. Өндірістің күтілетін жылдық қуаты шамамен 170 мың тонна бұршақ, қызыл және жасыл жасымық, ноқат және қатты сұрыпты бидайды құрайды. Бірінші кезеңдегі инвестиция көлемі – 8,5 млн доллар. Қазіргі уақытта технологиялық жабдықты монтаждау, сондай-ақ тиісті рұқсат құжаттарын алу жүргізіліп жатыр.

АШМ басшысы аталған кәсіпорын іске асырылғаннан кейін түрік компаниясы астықты терең өңдеу жобасын қарастыра алатынын атап өтті.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Жаңа депутаттар 1 ай ішінде бизнестерінен бас тартуы қажет

07.04.2023

Шығынсыз кәсіп түрлері бар ма?

09.01.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа