2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831 теңге, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 301 мың зейнеткер тұрады.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
“Республикалық бюджеттен 1 трлн 924,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 590,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 333,9 млрд теңге”, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінде
Еңбек министрлігі 2023 жылғы 22 маусымдағы бұйрықпен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімнің мөлшерін есептеу, тағайындау, жүзеге асыру, тоқтату және қайта қарау қағидаларын бекітті.