No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бензин мен дизель: қанша уақытқа жетеді?

23.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі жанар-жағармай қоры қанша күнге жететінін айтты.
“22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді”, – деді Ақшолақов үкімет отырысында.
Мұнай өңдеу зауыттарында Аи-92 – 71 мың тоннаны, дизель отыны – 53,4 мың тоннаны құрайды.
Аи-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, жанар-жағармай құю станцияларының негізгі желілерінде шектеу жоқ. Бірақ, министрдің айтуынша, дизель отынын сату бойынша шектеулер (талондар мен карталар бойынша сату, лимит белгілеу) байқалады.

Ақшолақов қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттары дизель отынын жеткілікті мөлшерде өндіріп жатқанын атап өтті. МӨЗ-дегі қор шамамен 50 мың тоннаны құрайды, алайда МӨЗ-ден мұнай өнімдерін жөнелту жұмысы тұрақты емес. Бос вагон–цистерналар жеткіліксіз көлемде жеткізіледі, вагондарды жеткізу пунктеріне дейін жеткізу мерзімінің ұлғаюы байқалады.

Осыған байланысты министр логистикалық тізбектің барлық буыны, сондай-ақ мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Ақшолақов жаңа редакциядағы “мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу туралы” бұйрық 22 тамызда күшіне енгенін еске салды.

Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланады. Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайды. Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі қарыздарды өз қалтасынан жаппақ

14.07.2023

Тарифті жөнсіз көтергендер жазаланады

24.02.2023

Мемлекет грантын ұтып кәсібін дөңгелетіп отырған сарқандық кәсіпкерлер кімдер?

29.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа