Облысқа жұмыс сапары барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров “Даму “кәсіпкерлікті дамыту қоры Батыс Қазақстан өңірлік филиалында болып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстармен танысты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры 2010 жылдан бастап кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы және “қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын (кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беру) іске асыруды жүзеге асыратын қаржы агенті болып табылады.
“2022 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 31,1 млрд.теңге кредит сомасына 1306 жоба субсидияланды. Несие сомасы 16,8 млрд. теңгеге 1 183 жобаға кепілдік берілді, кепілдік сомасы 9,5 млрд. теңге. 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша несиелердің жалпы сомасы 13,5 млрд.теңгеге субсидиялау құралы бойынша 333 жоба және кредит сомасы 13,6 млрд. теңгеге кепілдік беру бойынша 290 жоба, кепілдік сомасы 6,7 млрд. теңге қолдау тапты”, – деді филиал директоры Балғын Оразова.
ҰЭМ басшысы “Даму” Қоры елдегі кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға, экономикалық микроклиматты жақсартуға және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.