Қант өнімдеріне акциз қойылатындығы туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымының вице-министрі Айжан Есмагамбетова тарапынан айтылған еді.
“ Артық салмақ-түрлі ауруларға алып келеді, ал қант өз алдына сол ауруларды қоздырушы компонент. Coca-Cola 0,5 мл-да адамның он күндік қантты тұтыну нормасы бар. Онымен қоса барлық тағам өнімдерінде қант барын ескерсек, бұл тым жоғары көрсеткіш.” Аталмыш акциз қант өнімдері бар, барлық өнімдерге енгізілу арқылы қант өнімінің тұтыну көрсеткішінің төмендеуіне алып келуі тиіс. Бүгінгі күні артық салмақпен ауратын балалардың саны ұлғайған. Статистикаға сүйенсек, әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегуде. Балалардың тамақ ішу әдеттері бес жасқа дейін толық қалыптасады. Осы орайда акциздің енгізілуі балалардың қант тұтынуының төмендеуіне әкелуі тиіс. Өкінішке орай 2023 жылғы статистикаға сәйкес әрбір бесінші адам қан айналымының нашарлауы себебінен қайтыс болған. Қант диабетімен аураиын адамдар саны күн сайын өсуде. Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова осы мәселе аясында “ Тауарлардағы қант мөлшеріне байланысты, орташа есеппен қант өнімдерінің бағасы 200 теңгеге жоғарлайды.”