No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Теңге 0,14%-ға әлсіреді

Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,90 теңгеге дейін 0,14%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 121-ден 132 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

01.12.2022
Жаңалықтар
11
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Ұлттық банк мәліметінше, сауда-саттықтың жалпы көлемі — 2,9 млрд АҚШ доллары.

Мұнай бағасы төмендегеніне қарамастан, валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан, көбіне, «тоқсандық салық аптасы» факторы есебінен теңгерілді.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айдың ішінде шамамен 500 млн АҚШ долларын құрады.

Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы дербес жүзеге асырады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату қарашада 70 млн АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,4% және бір күнде кемінде 10 млн АҚШ доллары болды.

Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.

Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қарашада Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операция жүргізбеді.

Ұлттық банк ашықтық қағидатына сай валюта нарығында жүргізілетін барлық операциялар туралы толық ақпаратты жария етуді жалғастыра береді.

Қысқа мерзімді келешекте теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктердің жиналуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысында «бірыңғай есеп беру күні» өтеді

22.09.2022

Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

28.02.2023

Алматы облысында 132 мың борышкер 3,9 млрд теңге берешек

27.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа