No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Алматы облысындағы жалғыз цехта тәулігіне 1200 дана армосетка шығарылады

Құрылыстың негізгі өзегі армосетка өндірісі бүгінде Жетісу жерінде жандануда. Әдетте моноқалалардан жеткізілетін құрылыс тауары Алматы облысынындағы жалғыз ғана шағын цехта өндірілуде.

20.06.2022
Дара кәсіпкер
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Темірді табыс көзіне айналдырып отырған кәсіп иесі-Ерлан Ермұрат. 2008 жылы Атамекенге қоныс аударып келген қандасымыз алғашында құрылысқа қажетті заттарды сатумен айналысқан. 13 жыл көлемінде сауда жасаған кәсіпкердің ісін тұтқиылдан енгізілген карантин шаралары  тұралатты.

10 жылдан астам уақытын алып-сатуға арнаған азаматтың табыс көзінің бір сәтте тоқтауы тығырыққа тірегендей болды. Еңбектің ебін білетін Ерлан аға қол қусырып отырмай, ауласынан цех ашуды көздейді. Солайша 2021 жылдың басынан армосетка шығару ісін қолға алады.

Құрылыс материалын шығаруға қажетті станокты алмаққа қытайға тапсырыс берген.  Қажетті құрылғы кеденнен өтіп келемін дегенше 4 айдың жүзі болған. Осы уақытта ағамыз үйдің ауласынан цехтың орнын дайындаған.

«Карантин шаралары күйшейген кез. Жер-жерде «локдаун» енгізілді. Сол кезде сауда тоқтады. Өйткені, сенбі-жексенбі дүкендер мен базарлар жабылды. Жұмыс жасағанымыздан, саудаға шықпаған күніміз көбейді. Бұл шағын кәсіпкер ретінде маған кедергі келтірді. Содан бұрыннан көкейімде жүрген армосетка өндіруді қолға алмаққа бел будым. Биыл міне екінші жылға аяқ бастық»,-деді жеке кәсіпкер.

Ерлан Ермұраттың жұмысын бастауға «Алматы облыстық ауыл шаруашылығын қолдау қоры» көмек көрсеткен.  Кәсіпкер аталмыш қордан 12 млн. теңге көлемінде жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген  несие алған. Қаражатты шашау шығармай игерген кәсіпорынның қазіргі табысы тұрақты.

«Кәсібімді мемлекеттік бағдарламаның негізінде аштым. Бүгінге аяқ алысымыз жаман емес. Жазғы мезгілде тапсырыстың артуына байланысты жаныма екі адамды алып, жұмыспен қамтимын. Қысқа мезгілде өзім ғана армосетканы шығарамын. Талдықорған аумағындағы аудандарға дайын өнімді таратамын. Менде жеткізу қызметі тегін»,-деді өз сөзінде Ерлан Ермұрат.

Бүгінгі таңда, күндігінде 1 тонна сымтемірден 1200 дана өнім алынады. Кәсіпкер қажетті шикізатты Алматы қаласынан алдыртады екен. Бір дегенде 10 мың тоннаға дейін сымтемірді моноқаладан облыс орталығына жеткізеді.

Армосетканың бір данасы көтерме бағамен 300-700 теңге аралығында саудаға түседі. Қазіргі таңда цехта өндірілетін армосетканың  500-10 мың данасы нарыққа шығарылады.  Әдемі сандар сайрағанымен кәсіптің өз кем-кетігіде жоқ емес.  Өткен жылдың мамыр айы цехтың шығынға ұшырауына тұспа-тұс келген. Оған себеп-сымтемір бағасының күрт көтерілуі. Солайша кәсіпкер 700 мың теңгеге дейійн шығынға ұшыраған. Бұл жұмысын жаңа бастаған цех үшін ауыр соққы болғаны жасырын емес. Алайда, Ерлан аға еңсерді. Қазіргі кезде шағын бизнесі өркен жайып келеді. Тұрақты тұтынушылары да жоқ емес. Ендігіде кәсіпкер өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.

«Болашаққа құрған жоспарлар көп. Қала маңынан жер алып, цехты кеңейтсем деген ойым бар. Бір ғана өнім түрімен шектелмей, шығаратын тауарды сан түрлендірсем деген мақсатта жоқ емес. Еліміздің инновациялық бағдарламасына үлес қосып, отандық тауардың нарықта өз орнын табуына үлесімді қосқым келеді»,-дейді цех басшысы.

 

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

Ақшаны орынсыз қалай жұмсамауға болады: 5 кеңес

27.12.2022

Ақша сізді жақсы көрсін десеңіз…

09.01.2023
фото: ашық дереккөз

Twitter Meta-ны Threads әлеуметтік желісі үшін сотқа бергелі жатыр

07.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа