Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мемлекет қаржысы тиімсіз игерілді деп Парламент палатарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
Оның айтынша, 2021 жылы жалпы сомасы 413 млрд теңге мемлекет қаражаты мақсатсыз жұмсалған.
“Біздің ойымызша, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыстар жасауды, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқық бұзушылықтарға теңестіру дұрыс болар еді. Бұл орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, басқа мақсаттарға пайдалану, тауарлық-материалдық қорлар мен қаражаттың жетіспеушілігі, дебиторлық берешекті негізсіз есептен шығару және басқалары үшін төлемдер”, – деді Есеп комитетінің басшысы.