No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балалар авиабилетін субсидиялау биыл 2 мың баланы қамтымақ

25.05.2023
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында биыл Kids Go Free бағдарламасының игілігін көретін балалардың саны артатынын мәлім етті, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінеді, осы бағытта «Children Paralympic Games 2023» инклюзивті спорт фестивалі өткізіледі. Оған еліміздің барлық өңірінен 6-15 жас аралығындағы «ерекше» балалар қатысады, «Инклюзивті хореография» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында би байқауы өтеді.

«Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп тегін бейімделген спорт секциялары ұйымдастырылады», – деді ол.

Министрдің айтуы бойынша, ведомство тірек болатын спорттық іс-шара мен жобалардың бәрі балалар үшін тегін болады.

«Балалар саяхатына қатысты жобаларды қолдау ерекше басымдыққа ие. Мәселен, оқушылар арасындағы жоғары сұраныс пен өзектілікті ескере отырып, тарихи-мәдени және туристік объектілерге бару бойынша «Жанды сабақтар» жобасын трансформациялау жоспарлануда. Еліміздің барлық өңірінде балалар аудиториясына бағытталған туристік өнімдер желісі кеңейтіледі.

Жалпы балалармен қолайлы отбасылық демалысты ынталандыру үшін министрлік өткен жылдан бастап турпакет құрамында балалар авиабилетін субсидиялау бағдарламасын (Kids Go Free Фри) іске асыруда.

Бағдарлама негізінде бірінші жылдың қорытындысы бойынша турпакет құрамында 1 500 бала тегін ұшты. Биыл осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз, 2 мыңнан астам бала қамтылады деп күтілуде», – деді Асхат Оралов.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?

09.10.2022

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікке 2 млрд бөлінді

21.04.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа