Қаржы министрлігі банк салымшыларына 1 қазанға дейін өтініш беру керек деп талап етеді.
Қаржы министірлігі аталмыш өтемақыны алу үшін, банк салымшылар ықазан айының бірінші жұлдызына дейін өтініш беру керек деген талап қоюда.
Қаулы жобасында көрсетілгендей, өтемақы төлеу 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей өз келісімін растаған салымшыларға өтініш арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қатысушы банкке мерзімінде келісу туралы өтініш бермеген салымшыларға өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 10% мөлшеріндегі өтемақы 2023 жылғы 23 ақпанға дейін қоса алғанда өтелетін депозиттен ақшаны ішінара алып қою болмаған кезде беріледі. Бірақ салымшының қаражат мөлшері 20 млн теңгеден аспауы тиіс.
Өтемақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төленеді.