No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Айна

Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

07.03.2023
Айна, Жаңалықтар
145
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылданып жатқанын хабарлады.

Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ену үшін өтінімдер 4 наурыздан бастап қабылданып жатыр. Өтініштерді қабылдау 10 наурызға дейін созылады.

Құжаттарды Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қабылдайды. Мекеменің пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4. Электрондық пошта мекен-жайы: invest_dpp@mail.ru; Толығырақ ақпаратты Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4, 6 қабат, 610 каб. немесе 87786369096 байланыс телефондары арқылы білуге болады

Айта кеткен жөн, 2021 жылы маусым айында елімізде «әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң қабылданып, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің тізіліміне енгізу нені білдіреді? Оған қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауды алу мүмкіндігі беріледі. Яғни, бұл заңда әлеуметтік кәсіпкерлік саласына қандай мемлекеттік қолдау болатыны көрсетілген. Оның ішінде:

  • Салық кодексіне сәйкес салық жеңілдіктері;
  • Мемлекет ұсынатын жеңілдіктер:
  • Қаржылық қолдау;
  • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
  • Нысанның жалға алу құнын төлеу;
  • Мемлекеттік мүлікті өтеусіз жеңілдікті шарттармен жалға беру;
  • Ақпараттық, консультациялық және методикалық қолдау;
  • Акселерация орталықтарын дамыту;
  • Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
  • Мемлекеттік гранттар ұсыну.

Еске сала кетейік, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 4 санатқа бөлінеді. Олар:

  1. Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кәсіпкерлер және олардың кәсіпорындарындағы осындай қызметкерлердің үлесі кемінде 51%-ы құрайды;
  2. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлер;
  3. Әлеуметтік осал топтарға қызмет көрсететін немесе ол үшін тауар өндіретін кәсіпкерлер;
  4. Экология, білім, мәдениет, өнер және т. б. мәселелерін шешумен айналысатын кәсіпкерлер.

«Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады«, — деп хабарлайды Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасы.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қор нарығы туралы инвестор нені білуі керек?

23.01.2023

Көгілдір фишкалар деген не?

28.01.2023

7 пайыздық несие: «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ өңдеу өнеркәсібін қаржыландырады

28.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа