No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сөредегі тауар бағасы чекке сәйкес келеді ме?

Соңғы кездері Жетісу облысында және жалпы ел аумағында әлеуметтік желілерде тұтынушылар сатып алу кезінде сөредегі тауар бағасының чекке сәйкес келмеуі немесе сауда дүкенінің ішіндегі өлшеуіш құрылғысы арқылы өлшенген тауар бағасының сөредегі бағамен әртүрлілігі бойынша жарияланымдар пайда бола бастады.

30.01.2023
Жаңалықтар
8
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің мамандары Талдықорған қаласының ірі сауда орталықтарында тауарлар бағасының сәйкестігіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында департамент мамандары сөрелерде тұрған тауарлар бағасының сатып алған кездегі чекпен сәйкестігі, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті соммасын анықтады. Жалпы департамент маманы Ғазиз Аманжолұлының айтуынша тұтынушылардан бұл мәселелер бойынша тікелей арыз-шағым түспеген.

«Дегенмен әлеуметтік желідегі жарияланымдар бойынша департамент өз құзыреті бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Тұтынушылардан шағым түскен жағдайда қарайтынын жеткізіп, осындай бағытта шыққан жарияланымдардың «пікір қалдыру» бөлігіне департаменпен байланысу жайлы хабарландырулар жазылуда» — деп, атап өтті ол.

Жалпы, ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңына сәйкес, атап айтсақ 24 баптың 12 тармағы негізінде сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге , жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын теңгемен жазбаша түрде көрсетуге, тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге, электрондық саудада сатушы сатып алу-сату шартын жасасу алдында тұтынушыға тауарға ақы төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге, тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті.

 

 

Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жұмысынан айырылуына байланысты төлем мөлшері 13 пайызға өседі

06.09.2022

9 ай ішінде мемлекетке шамамен 11 трлн теңге салық түсті

15.10.2022

Kazbusiness клубы Бішкек инвестициялық форумына қатысып, пікір алмасты

15.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа