No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Виза аламыз деген 60-қа жуық адам сан соқты

Шетелге виза ресімдейтін Алматы компанияның кесірінен 60-қа жуық адам алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30.11.2022
Әлеумет, Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Компания Оңтүстік Кореяға виза алуға және басқа елде жүргендк көмектесетін гид беруге уәде етті. Бірақ компания қызметкерлері келісімшарт талаптарын орындамай, кеңсе мекенжайын ауыстырып жіберген.

Алданған клиенттер бұл компанияның әлеуметтік желілерде жарнамалары бар екенін айтты. Олар құжаттарды рәсімдеп, визаларды қысқа мерзімде дайындауға уәде береді. Клиент тек ақысын төлеп, ұшуға дайындалуы керек.

“Анам екеуміз осы бизнес орталыққа келіп, осы турфирманы таптық. Олармен тілдесіп, не болатынын білдік. Олар 1,5 мың доллар (704 мың теңге) төлеу керек деді. 12-19 маусым аралығында Кореяда болуымыз керек еді”, – деді қала тұрғыны Ертай Махамбетов,

Бірақ Кореяға ешкім ұшпады.

“700 мың теңге несие алып, қолма-қол ақша төледім, түбіртек пен чек бар. Бірақ олар визадан бас тартылды деп мені Кореяға жібермеді.  Бәріне солай деген. Бізді алдап, ақшаны қайтармайды”, – деді тағы бір алданған клиент Назерке Шыныбекова.

Компания клиенттерінің қолында келісімшарттар бар. Олардың айтуынша, онда бас тартылған жағдайда ақшаны қайтару керек деген тармақ жазылған. Мұны компания өкілі растап, тіпті қолхат жазды.

“Қолхат шілде айында жазылды. Мұнда ол ақшаны екі апта ішінде қайтаруға міндетті екені көрсетілген. Бірақ әлі күнге дейін ақша жоқ”, – дейді тұрғын.

Алты ай бойы алданған клиенттер ақшаларын қайтаруға тырысты. Содан кейін олар полицияға жүгінді.

“Қылмыстық іс бойынша 21 адам жәбірленуші деп танылды, олар өздерінің ресми өтініштерін берді. Полиция бөлімшесі істің объективті мән-жайларын анықтауға және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізеді”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

“Аса ірі мөлшердегі алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер компания иесінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде компания 200-дей адамды Түркияға оқуға түсіремін деп сан соқтырғаны хабарланды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 5 миллиард теңгеге дейін 2,5 пайызбен несие беріледі

23.06.2023

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қандай пайдасы бар?

28.09.2022

«KazSilicon» ЖШС жылына 6 мың тонна металлургия өндіреді

09.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа