No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

23 қаңтардан бастап қазақстанда шетелдік көліктер заңдастырылады

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

12.01.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Үкімет биыл 11 қаңтарда Қазақстан аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көліктерді әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті.

“Ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбіде) күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз”, – деді Лепеха орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет.

Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар:

  • елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
  • іздеуде болмауы шарт;
  • басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек;
  • кедендік тазартудан өтуі қажет.

Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдары оң жақты орналасқан көліктерге қолданылады.

Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.

Заңдастыруға өтінішті “Электронды үкімет” порталы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы секторлар ұйымдастырылады. Олар тек автомобильдерді заңдастыруға құжат қабылдайды.

Сондай-ақ Әкімшілік полиция қызметкері қатысып, жария етуден өту тәртібін және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері, қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндіреді.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Әлемнің 8-ші кереметі: Дубайда “Ай” салынады

24.05.2023

2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 914 кәсіпорында тексеріс жүргізді

22.01.2023

Қармақшылық кәсіпкер 165 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр

18.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа