Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған тұрғын Сергей Архиповтың денесін тапты деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Бұл туралы марқұмның өгей қызы Альмира Баймұхамет хабарлады. Жағдайға қатысты полиция пікір білдірді.
“Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ мәйітін тапты.
Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Абай облысындағы өртті өшіру үшін Архипов бірнеше күн бұрын трактормен шығып, хабарсыз кеткен еді.