Абай облысы Бородулиха ауданы прокуратурасының қызметкерлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.
Талдау барысында Орталық басшысының орталық тәрбиеленушілерінің пайдасына алимент төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталды.
“30 млн теңге сомасына алимент төлемеудің 14 фактісі анықталды. 5 факті бойынша прокуратура ҚР ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгінгі таңда 2 төлеуші сотталды”.
Абай облысының прокуратурасы осы жұмыстың нәтижесінде борышкерлер 1 млн теңгеден астам ақша төледі. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша балалар орталығының басшысы жауапкершілікке тартылды.