Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде тұрғын үйдің ауасында 1,1-1,3 мг аралығында тұншықтырғыш газ (угарный газ) болғаны анықталды.
“Уланған адамдардың қанынан тұншықтырғыш газдан уланғанын білдіретін карбоксигемоглобин табылды”, – деп хабарлады Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ведомство тұншықтырғыш газ – түссіз, дәмсіз, иіссіз улы газ екенін хабарлады.
Еске сала кетейік, 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Көлащы ауылында бір отбасының 5 адамы белгісіз заттан уланып өлді. Ер адам үйде қайтыс болған, төрт бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Бірақ 38 жастағы әйел ғана аман қалды. Жексенбі күні оның күйеуі мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды.