No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Несие тарихын реттеудің қандай амалдары бар?

13.12.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Банктен несие алғаннан кейін, оны уақытылы, мерзімінен кешіктірмей қайтару — үлкен жауапкершілікті талап етеді. Несиесі бар отандастарымыздың бір бөлігі бұл міндетін ұқыпты орындауға тырысса, екіншісі оған жеңіл-желпі қарап, несие тарихын бұзып, банктің қара тізіміне еніп жатады. Kazbusiness.kz ақпараттық порталы  несие тарихының не үшін керек екенін, оны бұзып алған жағдайда не істеу қажеттігі туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Несие тарихы деген не?

Несие алғаннан кейін оны банкке уақытылы, кешіктірмей қайтару басты міндетіңізге айналатыны түсінікті. Несиеңіз бар болса, сәйкесінше жақсы, орташа немесе нашар несие тарихыңыз бар деген сөз. Бұл құжат сіздің әр қабылдаған шешіміңіз, іс-әрекетіңіз жазылатын күнделікке ұқсайды. Оның ішіне несиені алған күніңізден бастап, қайтарған күніңізге дейінгі аралықтағы әрекеттеріңіз, несиенің сомасы жазылады. Кешіктіріп қайтарсаңыз, кешіктіргеніңіз, уақытылы төлесеңіз, уақытылы төлегеніңіз, несиені жапқаныңыз немесе жаппағаныңыз көрсетіледі. Бұл ақпараттың барлығын несие берген банк мәліметтер базасына жинап, Бірінші несие бюросына жібереді.

Несие тарихының бұзылуына қандай жайттар әсер етеді?

Егер банктің талаптарын орындамай, төлемді уақытылы жүзеге асырмасаңыз, қаржылық қызметтер көрсететін мекеменің алдында борышкер болсаңыз, мұның кесірі өзіңізге тиеді. Сәйкесінше несие тарихы нашарлайды. Басқа банктен несие алғыңыз келсе, банк қызметкерлері несие тарихына қарап, өтінішіңізді қанағаттандырмауы мүмкін.

Несиенің толығымен жабылмауы — негізгі себептердің бірі

Кейде несиенің 500 теңгесі болсын төленбей қалып, ақшаның үстіне пайыздар қосылып, қарыз өсе береді. Ал оны жаптым деп ойлаған адам банк алдында әлі де қарызы бар екеніне күмәнданбай, несиесі толығымен қайтарылмағанын кеш біліп жатады.

Кей адам қарызы барын білмей қалса, тағы да басқалары қарызы барын біле тұра оны қайтармайды, несиені жаппайды. Әдетте олар: “Банк мені іздемейді, мазаламайды және ақшаны төлеуге мәжбүрлемейді”, – деп ойлайды.

Несие тарихының нашарлап кетуі әрдайым қарыз алушының кінәсі емес

Бірінші несие бюросына келіп түсетін ақпараттар легі үлкен. Кейде бюро қызметкерлері шатасып, несие тарихыңызға сізбен аттас адамның мәліметтерін жазып қоюы мүмкін.

Алаяқтардың мүлдем басқа адамдардың құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдейтіні белгілі. Бұл жағдайда несие тарихы бұзылған “ресми қарыз алушы” жәбірленуші болып саналады.

Несие төлейтін уақыт келгенде әртүрлі себепке байланысты ақша аударуды созып, төлемді соңғы күні жүзеге асыратынымыз рас. Алайда, мұның өзіндік кемшіліктері бар екенін ескергеніміз жөн. Техникалық ақаулар орын алған жағдайда, сіз салған ақша төлем уақытының мерзімі өтіп кеткеннен кейін түсуі мүмкін. Банк қызметкерлері мұны сіздің тарапыңыздан жіберілген қателік, яғни кешіктіріліп жүзеге асырылған төлем деп ойлап қалуы мүмкін.

Егер қателік банк тарапынан болса, несие тарихында жазылған мәліметпен келіспесеңіз, банк немесе несие бюросының көмегіне жүгіне аласыз

Несие тарихыңызды тексеріп тұрыңыз. Оның ішінде сіз жайында дұрыс емес ақпарат жазылса, бұрыс екенін дәлелдеп, оны базадан 15 жұмыс күнінің ішінде шығаруға болады. Ол үшін несиенің уақытылы төленгені жазылған түбіртекті қате ақпарат жіберген банкке немесе несие бюросына көрсетіп, өтініш жазу керек. Егер сіздікі дұрыс болса, несие тарихы түзетіледі.

Қара тізімге енгіңіз келмесе, алдағы үш жылдың ішінде несие тарихын жақсартатын жоспар ойлап табыңыз. Қарыздарыңыздың барлығын жауып, төлемді уақытылы жүзеге асырғаныңыз абзал.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

1,6 млрд теңге: Қостанай облысында бюджетті жымқырған қылмыстық топ ұсталды

27.07.2023

Қазақстандық студенттер Amazon компаниясында жұмыс істей алады

10.03.2023

Футболдан Қазақстан құрамасы кезекті сенсация жасады

20.06.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа