No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Осы уақытқа дейін не істедіңіздер? – бизнеске кредит бөлетін ұйымдар сынның астында қалды

11.05.2023
Әлеумет
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Сенатта өткен дөңгелек үстелде шағын және орта кәсіпкерлікке кредит беретін ұйымдардың жұмысын сынға алды.

Бүгін Сенатта «Экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Ұлттық экономика министрлігінің және осы салаға тікелей жауапты ведомство өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.

Мәселені талқылау аяқталғаннан кейін сенатор Сұлтанбек Мәкежанов орталық аппараттардың жасаған есебі мен жұмысын сынға алды.

Дөңгелек үстелдің аясында тек қана кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралардың түп төркінінде жатқан мәселе – бизнесті дамыту, халықты тауарлар мен қызметтерге деген сұранысын ынталандыру. Яғни бүгін есептеріңізде жай ғана қаржыны бере салып, оның ар жағында не болатынына көңіл аудармадыңыздар. Бұған дейін кездесуде осы мәселені бірнеше рет айттым, – деді ол.

Сенатордың айтуынша, Жамбыл облысындағы тәжірибе Маңғыстау облысына тиімді болса, бірақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына осындай көлемде қаржы қажет болмауы мүмкін.

Агрофинанс, Аграрлы кредит корпорациясының және «Бәйтеректің» өкілдерімен келісе алмаймын. Ол үшін талдау керегін айтып отырсыздар. Осы уақытта дейін талдамасаңыздар не істедіңіздер? Сіздер әрбір өңірдің, ауданның, елді мекеннің бизнес жоспарларын қазірден айтуларыңыз керек. Бір өңірде үлкен зауыт салуға болмаса, екінші бір өңірде кіші бизнесті дамыту керек, – деп наразылығын білдірді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенатор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын мақтап, ведомство бөлетін грант тәжірибесін қарауды ұсынды. Сөзінше, министрлік грантты берер алдында ол туралы барлық мәліметті әлеуметтік желілерге алдын ала жариялап отырады.

Қазір гранттардың тиімділігін де қарап жатырмыз. Сондықтан шығарылған әрбір тиынның тиімділігі туралы алдағы айларда сіздердің есептеріңізді тыңдаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қай өңірде қандай бизнесті дамыту керегін, қай жерде халықты қандай тауарлармен толық қамти аламыз, соның нәтижесінде қызметтерге сұранысты ынталандыру мәселелерін айту керек. Кредит сұранысқа қарай жүруі қажет. Тек қана тамыр-танысқа беру мәселесі болмауы керек. Алдағы уақытта да әрбір кездесуге бухгалтерлік есеп емес, ар жағында елдің, азаматтардың тағдыры тұр деп қарау қажет, – деп тапсырма берді Мәкежанов орталық аппараттан келген басшыларға.

Байланысты Материалдар

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

ҰБТ-2024: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

09.06.2023

Астанада пара алды деген күдікпен полицияның рота командирі ұсталды

09.06.2023

“Стипендия жазда берілмейді”: министрлік пікір білдірді

09.06.2023

Министрлік Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады

09.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Текелі тау-кен комбинатында жұмысшылар саны 2000 адамға артпақ

14.07.2022

«Квику» микроқаржы ұйымы лизенциясынан айырылды

07.08.2022

“Кәсіпкерлердің жаңа толқыны керек” – ПРЕЗИДЕНТ

19.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа