ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған еліміздің басты туристік орталықтарының тізімі келесідей:
Бесінші орын – Шарын шатқалы
Шалғай жатқанына қарамастан Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.
Төртінші орын – Баянауыл
Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған.
Үшінші орын – Көлсай көлдері
Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.
Екінші орын – Бурабай
Отандық туризмнің бойтұмарына айналған бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам саяхаттаған.
Бірінші орын – Іле Алатауы
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын – Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.
Айта кеткен жөн, 2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген. Оның ішінде ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен.