No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

21 жасында миллионер атанған кәсіпкер кім?

12.11.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Аяз Шабутдинов – ресейлік кәсіпкер, «Like» холдингінің негізін салушы, блоггер, коуч. «Like» холдингіне барлығы 22-ден астам бренд кіреді. Аяз өзінің алғаш миллионын 21 жасында тапқан. kazbusiness.kz Аяз Шабутдиновтың өзіңізге мотивация беруге қатысты кеңестерін ұсынады.

Менің оқиғам

Мен барлық уақытта жақсы өмір сүруді мақсат еттім. Бастапқы уақытта ескі «Ладамен» жүрдім. Бірінші күні-ақ Ижевск қаласына бет алған жолда оталмай қалды. Осы уақыттан бастап маған мұндай «тосын сый» әкелмейтін көлікпен жүруді ойладым.

Осындай жағдайлар мені жігерлендірді. Алғашқы тапқан ақшама пәтерімді жөндеуден өткізіп, жаңа көлік сатып алдым. Одан кейінгі кезекте өзге материалдық мақсаттар болды. Мұның барлығына жеткен соң менде мотивацияға қатысты мәселелер туындады.

Менде бәрі болды: көлік, пәтер және т.б. Одан әрі неге ұмтылатынымды білмедім. Өзіме мотивация берудің жолдарын іздестірдім.

Ешқандай жалқаулық жоқ

Алып империя құрған адамдардың тәжірибесіне жүгіндім. Олардың өмір тарихын оқыдым. Материалдық мотивация кезеңі өткен соң жаңа деңгейдің келетінін түсіндім. Бұл – жеке тұлғалық қажеттілік мотивациясы.

Шын мәнінде, ешқандай жалқаулық жоқ. Адамда тек мотивацияның жетіспеушілігі ғана болады. Әр адам өзінің өмірлік мақсаты үшін әрекет етеді. Бірі миллиондарын киттерді сақтау үшін құртады. Оның ақша табудағы мақсаты да осы. Енді бірі балаларына үлгі болу үшін жұмыс істейді. Тоқтамай, алға жылжытатын мақсат сізде де болу керек.

Өмірлік мақсатыңызды анықтаңыз

Менікі – адамдарды жігерлендіру. Үлгі арқылы, бизнес және блог арқылы, оқыту тіпті қарапайым әңгіме арқылы. Мен жүздеген мың адамның мотиваторы болғым келеді. «Like» орталығының даму тарихы осы мақсат негізінде құрылған.

Бастапқыда мақсатым өзім тұратын ауылдан кету болды. Арман мен әрекет мені жетістікке алып келді. Өсе келе ауқымды мақсаттарды алдыға қойдым. Аманыңыз қаншалықты үлкен болса, өсуіңіздің шегі де кеңейеді.

Сонымен, мотивацияның болмауын қалай жеңеміз? Алдымен сізді жігерлендіретін мақсат қойыңыз. Жеткіңіз келетіннің барлығын тізіп шығыңыз. Әр мақсаттың жанына мұның кімге керек екендігін жазыңыз.

Аяз Шабутдинов ұсынған лайфхактар

Тәлімгер. Ол сізді бақылап отыруы керек.

Дұрыс қоршаған орта. Дұрыс таңдалған орта сізді биікке жетелейді. Жетістікке жеткен адамдар сізді әрекет етуге жігерленіретін сөздерді таба алады.

Босаңсуды тоқтату. Ауыз толтырып айтарлық қандай жетістікке жеттіңіз? Марафонды жеңу, жұмыс табу, жеке дүкенді ашу. Енді жетуіңіз керектерін тізіп жазыңыз. Сіз өзіңізге маңыздысын ғана орындайсыз. Өзгенің емес, өз арманыңыздың артынан жүріңіз.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

11.12.2022

Шелек ауылының маңы қоқыс полигонына айналды

26.01.2023

29 жасқа дейінгі әйел 8,5 мың кәсіпорынға иелік етеді

02.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа