No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Rixos Aktau мен “Керуен-Сарайдың” салынуына қанша ақша кетті?

15.05.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
133
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ақтаудағы Rixos қонақ үйі мен аквапарктің, сондай-ақ Түркістандағы “Керуен-Сарай” туристік кешенінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен ондаған миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш жобаларға мемлекеттік қаражат Қазақстандық инвестициялық Даму Қоры (KIDF) арқылы салынған. Қор толықтай мемлекетке тиесілі және Қазақстан экономикасын дамыту үшін инвестициялар тарту мақсатында 2019 жылғы 11 наурызда “Астана” халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген.

Айта кеткен жөн, KIDF толығымен мемлекеттік болғанымен әрі мемлекеттік қаражатты пайдаланғанымен, Қор жұмсалған ақша туралы есеп бермейді. Іске асырылған жобалар туралы есеп ешқандай мемлекеттік сайтта жарияланбаған.

“KIDF қарауындағы жобалар бойынша ақпарат KIDF-тің шетелдік инвесторлар алдындағы міндеттемелеріне байланысты құпия болып табылады және ұсынылған ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз ашу шетелдік инвесторларға келтірілген залалды өтей отырып, жауапкершілікке тарту үшін негіз бола алады. Осыған байланысты KIDF тек төменде ұсынылған іске асырылған жобалар туралы ақпаратты ашуға құқылы”, – деп хабарлады Қор ресми жауабында.

Құпиялылыққа сілтеме жасай отырып, KIDF жобалардың құрылысына қанша сома жұмсалғанын айтпаған. Дегенмен, осы жобалардың кредиторы болған Қазақстанның Даму Банкінің сайтында берілген мәліметтерге сүйене отырып, Rixos Aktau мен “Керуен-Сарайға” қанша ақша жұмсалғаны анықталды.

ҚДБ деректеріне сәйкес, 2020 қолданысқа берілген Rixos қонақ үйінің құрылысына – 68,41 млрд теңге жұмсалған. Оның 42 млрд теңгесі банктен кредитке алынған. Қалған 26,4 миллиардты жобалау компаниясының қарапайым акцияларының 49 пайызына иелік ететін KIDF және 51 пайызына иелік ететін Fettaha Taminje берген.

Осылайша, қонақ үй жобасына KIDF 12,94 миллиард теңге, ал Fettaha Taminje компаниясы жеке инвестор ретінде 13,47 млрд теңге жұмсаған.

ҚДБ деректері бойынша банк Rixos жанындағы аквапаркты салуға 16,69 млрд теңге бөлген. Сондай-ақ, KIDF 15,19 млрд теңге, ал Fettaha Taminje 15,81 млрд теңге инвестициялады. Аквапарктың жалпы құны 47,2 миллиард теңгені құрайды.

ҚДБ есебіне сәйкес, “Керуен-Сарай” кешенінің түпкілікті құны 87 миллиард теңгені құрады. Осы соманың 40 миллиард теңгесі банктен несие ретінде алынған. Жоба бойынша акциялардың 47,5 пайызын иеленетін KIDF аталмыш кешенге 22,3 миллиард теңге инвестициялаған, ал Fettaha Taminje компаниясы – 24,7 миллиард теңге бөлген.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қозғалды

17.08.2022

85 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмады

12.09.2022

Тұтынушы, өз құқығыңды білесің бе?

15.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа