WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиіс өзгерістер енгізілгені айтылған, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Жазда студентерге шәкіртақы төлеу тоқтатылмайды.
Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиіс өзгерістер қаулыға енгізілмеген.
«ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес, министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады», – деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.