No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Алтын сапа» жеңімпаздары анықталды

08.12.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен сапа саласында жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер қатысты. Лауреаттарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Президент елдегі кәсіпкерлерге табысты еңбегі үшін алғыс білдіріп, «кәсіпкерге қолайлы жағдай жасау – мемлекет алдындағы міндет» екенін атап өтті.

«Біз бұл конкурсты жыл сайын өткізіп, табысқа жеткен кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік танытқан, ел өміріне бей-жай қарамаған кәсіпорындарды марапаттаймыз. Осы күнге дейін еліміздің 160-тан астам компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды. 365 кәсіпорынға «Парыз» сыйлығы табысталды. Бұның барлығы отандық бизнестің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады. Жалпы 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі  үш есе өсті. Яғни, ол қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтады. Бүгінде осы салада 3,5 миллоннан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке, 20 млрд долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 трлн теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік индустриялық жоба» номинациясын Павлодар облысынан «Проммашкомплект» ЖШС (жобалау, дөңгелектерді өндіру, дөңгелек орталықтарын ашу, бандаждар және теміржол саласына арналған тісті дөңгелек әзірлемелерін өндіру) жеңіп алды. Ал «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорны» ЖШС (медициналық бұйымдар өндірісі, қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық иммунобиологиялық препараттар, диагностикалық тест-жүйелер өндірісі) жеңіске жетті.

«Бізде сүт фермасы бар, сүт өнімдерін шығарумен айналысамыз. Өндірісті 2016 жылдан бері жүргізіп келеміз. Дайын өнімді Түркістан облысы және  Шымкент қаласына таратамыз. Мұндай байқаулар ірі кәсіпорындар үшін стимул, бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге, жұмыс істеуге талпыныс береді. Бұл республикалық деңгейдегі байқау болғандықтан марапатқа ие болу көптеген кәсіпорынға болашаққа жол деп айтуға болады. Байқауға биыл екінші рет қатысып жатырмыз. Былтыр «Бизнес Кемелділік» номинациясын алдық. Міне, «Алтын сапа» сыйлығын алдық. Өте қуаныштымыз», – деп бөлісті «Бөрте Милка» ЖШС бас директоры Бөкейхан Әбішев.   

ҚР Президенінің  «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын беріледі. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі – байқаудың негізгі критерийлері. Биыл байқауға қатысуға 281 компания өтінім берді.

Іріктеу қортындысы бойынша өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорындар:

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «ТМК-Қазқұбырөнрекәсіп» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы);
  • орта кәсіпкерлік субъектілері арасында – «Столичная стеклопакетная компания» ЖШС (Астана қ.);
  •  шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Астық» элеваторлық жабдық зауыты» ЖШС (Қостанай облысы) топ жарды.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне мамандандырылған «DOLCE» ЖШС (Алматы облысы), кәсіби киім мен аяқ киім өндірісі бойынша «Zhamal-ai LTD» ЖШС (Маңғыстау облысы) және балаларға арналған пластик ойыншықтарды шығарудан Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын – «Байтемірова Р.С.» жеке кәсіпкерлігі (Шымкент қ.)  2022 жылдың қорытындысы бойынша халыққа арналған тауар шығаратын  үздік кәсіпорындар ретінде танылды.

Жергілікті қамту үлесі – 92,4%-ды құрайтын «Olymp Medikal Group» ЖШС, мұнай және газ саласындағы геологиялық барлауды жобалау және консалтингт қызметті көрсететін «Optimum жобалау институты» ЖШС және «Sultan Palace Hotel» ЖШС (қонақүй) қызмет көрсету бойынша үздік кәсіпорындар болып анықталды.

Жыл қорытындысы бойынша: «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Best Meat» ЖШС

(Алматы облысы), «Бөрте Милка» ЖШС (Түркістан облысы)  азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпорындар номинациясын жеңіп алды.

«Алдымен, бүгін кәсіпкерлер үшін үлкен мереке.  Жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, марапатын алады. Бұл бізге бизнестің өсіп келе жатқанын, бизнестің дамып жатқанын, бизнестің тұрақтылығын, бизнестің қазіргі заманға сай болуын айтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы байқауға белгілі бір өзгерістер енгізгіміз келеді және олар өте өзекті, қызықты болады деп ойлаймын. Біз бұл туралы сәл кейінірек хабарлаймыз», – деп атап өтті ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

ҚР Президентiнiң «Алтын сапа»  сыйлығын алу байқауы 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жылдар ішінде байқауға республиканың 2,2 мыңнан астам кәсіпорны қатысты. Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының сыйлығына 160-тан аса кәсіпорын ие болды. Өткен жылдардың жеңімпаздары жайында  ақпаратты altynsapa.kz/ru/winners_sapa сайтынан көруге болады.

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

400 миллион доллар: Нидерланды Қазақстанға салатын инвестиция көлемі

13.10.2022

ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ана медициналық орталық ашты

18.10.2022

Тоқаев: Бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретін жер қатаң жауапқа тартылады 

26.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа