Кездесуде ағымдағы жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша атқарылар жұмыстар, бағалардың жасанды өсуі, қоғамдық ұйымдар арқылы тұтынушыларды азаматтық белсенділігін арттыру және жауапкершілікке тарту мәселелері қаралып, хаттама толтырыплып, тапсырмалар белгіленді.
Департамент басшысы Еділ Зайытбеков өз сөзінде «Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштері артып келеді. Мысалға 2022 жылы Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті көмегімен 100-ден аса өтініш бойынша тұтынушыларға жалпы соммасы 5 414 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алатынын, ол шағымдардың шамамен 65,1% құрайды. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алады. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% – ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді», – деп атап өтіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік төрағасы Амир Газалиев тарапынан заңсыз сауда нүктелерін заңдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу, газ желісін жүргізу жұмыстарында тұтынушыларға үлкен шығындар болуын және оның азайту жолдары бойынша ұсыныстары қаралып, облыстық прокуратура басшылығымен шараға қатысқан жауапты сала мамандары өз назарларына алды.