No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Үкімет атышулы “Алтын Орда” базарын тәулік бойы тексеретін болады

12.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
44
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыдағы “Алтын Орда” базарын Үкімет енді тәулік бойы тексеретін болады. Тіпті бұл мақсатта бірқатар ведомствадан іріктеліп мобильді топ құрылған, деп хабарлайды Kazbusiness.kz 

Бұл туралы өткен сенбіде премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға арналған апталық кеңесте айтылды.

Сауда комитетінің мәліметінше, мобилді топ құрамында ҚМА, СИМ, БҚДА, ҚМ МКК, ІІМ, ДСМ, ТЖМ, АШМ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері бар. Топ қазірдің өзінде базарда тәулік бойғы кезекшілікке кіріскен.

“Алтын Орда” базарын тәулік бойы бақылайтын мобильді топ құрылды. Мұндағы негізгі мақсат – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ сатушылар, жеткізушілер, жүргізушілер мен базарға келген азаматтардың өтініштерін қабылдау және жедел жауап беру үшін “Алтын Орда Open” телеграмм-чаты мен бірыңғай байланыс орталығы (call center) (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) іске қосылып отыр. Әрі көкөніс өнімдерін базарға келушілерге тікелей өткізетін шаруалардың жүк көліктері үшін тегін 100 орын белгіленді.

Сауда нүктелері шатырлармен жабдықталған, тұрақты бақылау үшін камералар орнатылған. Бұл шаруаларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға тікелей делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Базарда сауда жасау үшін шаруалар ауыл әкімдігінің анықтамасын алуы қажет.

“Алматы облысының әкімдігі мобилді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауы қажет. Жүк көліктеріне арналған 100 орын – жазғы маусымға оңтайлы жедел шара. “Алтын Орда” аумағынан стационарлық сауда нысандарына орын бөлу қажет. Бұл тек осы базарға ғана қатысты емес, барлық әкімдіктерге өз өңірлеріндегі базарлар мен ірі сауда нысандарында осындай жұмыс жүргізуді тапсырамын”, — деді Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Осы бақылау тобы арқылы базарда делдалдық схеманы жою көзделген. Нәтижесінде бәлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы қалпына келетін көрінеді.

Жалпы, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,1%-ды құрады. Бағаның ең жоғары өсмі сәбізде (4,4%) және картопта (3,5%) болды. Ал қырыққабат (-5,4%), пияз (-1,6%) бағасының төмендеуі байқалады. Күнбағыс майы (-1,7%), қарақұмық (-1,5%), жұмыртқа (-1,4%), құс еті және тұз (-0,1%) бағасы төмендеп жатыр.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Шетелдік көлікті заңдастыру: атыңа қанша көлік жаза аласың?

01.12.2022

12 қаңтардан бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

11.01.2023

«Ұлттық қор – балаларға»: Ақшаны 16 жасқа толғаннан кейін алуға бола ма?

14.06.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа