No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Ұлттық қор – балаларға»: Ақшаны 16 жасқа толғаннан кейін алуға бола ма?

14.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәжілісте “Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралуда деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Ұлттық қордан балалардың арнаулы шотына аударылатын қаражатты 16 жаста колледжге оқуға түсу үшін алуға болмайды. Ақша тек 18 жасқа толған қазақстандықтарға беріледі.

Сұрақ-жауап барысында депутаттар Ұлттық қордың ақшасын 18 жасқа дейін, яғни колледжге оқуға түскен кезде алу мәселесі қалай болатынын сұрады.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақтың айтуынша, бұл мәселе жұмыс тобында өте көп талқыланды.

“Біріншіден, президенттің ұсынысы бойынша қаражатқа 18 жасқа толған азамат қана қол жеткізе алады. Екіншіден, Қазақстанда қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес, толық әрекет қабілеттілігі 18 жастан бастап енеді. Яғни оған дейін 16 жастан бастап алған кезде баланың өз еркімен емес, ата-анасының көздеген мақсаты жүзеге асырыла ма деген қауіп те бар. Үшіншіден, 18 жасқа толатын балалар тарапынан да сұрақтар туындауы мүмкін. Дегенмен бұл сұрақ әлі де ашық, талқыланады деп ойлаймын”, – деп жауап берді Шапақ әріптесінің сауалына.

Депутаттар мен тиісті мемлекеттік органдар 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын “Ұлттық қор – балаларға” жобасының негізгі

“Әзірленген жобаға сәйкес ұлттық қордан инвестициялық табысының жартысын жыл сайын екі мақсатта пайдалану үшін кәмелет жасына толмаған балаларға теңдей бөлу ұсынылады.

Бірінші, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үйді сатып алу. Бұл мақсатта қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етіледі.

Екінші, білім алу. Бұл мақсатта баланың ел ішіндегі оқу орындарымен қатар шетелдік оқу орындарында оқу ақысын төлеу шектеуі қажет деп пайымдаймыз.

Бұл кәмелетке жаңа толған қазақстандықтардың ересек өмірге қадам басқан кезінде бастапқы капиталды алуға мүмкіндік береді. Тиісінше, Қазақстан азаматтығынан айырылған, жоғалтқан не ауысқан кезде төлемдерге талап қою құқығы да жоғалады», – деді Үнзила Шапақ.

Заң жобасы шеңберінде 6 кодекс пен 10 заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілмек.

“18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады”, – деді ол.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

2023 жылға біріші рет доллар мен рубльдің бағамдары айшықталды

04.01.2023

Бүгінгінің көшбасшысы “Дарабоз” жобасында тәрбиеленеді

06.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа