Биыл 29 наурыз күні Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өткізеді деп жоспарланған.
Яғни, 29 наурыз күні отандық компаниялар Enbek.kz порталында бос жұмыс орындарын ұсынады және жұмыс іздеушілер бұл орындарға өтінім бере алады.
Жәрмеңкеге қатысуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, «KAZ Minerals» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ және басқалары бар.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Жәрмеңке онлайн режимде болғандықтан ниет білдірушілер Қазақстанның кез келген жерінен қатыса алады.
Онлайн жәрмеңкеге қатысу үшін Enbek.kz сайтының Enbek.Tanda атты бөліміне кіру керек. Онда жұмыс іздеген адамдар жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және осы жерден өтінім береді.
Барлық ниет білдірушілерді онлайн бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз!