No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Алматы облысында 150 түрлі  медициналық препарат шығарылады

«Kelyn-Kazharm» ЖШС фармацептикалық өнім шығаратын кәсіп орын Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан.

28.07.2022
Дара кәсіпкер
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Орта Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда жылына 140 млн. дәрі құйылған шыны құты шығаруға қауқарлы.

«Kelyn-Kazharm» зауытында негізінен полипропилен қапшығына құйылған инфузиялық ерітінділер мен шыны құтылар және полипропилен ампулаларындағы инъекциялық ерітінділерді өндіреді. Алдағы уақытта лиофилендірілген ұнтақ пен антибиотиктер және түрлі ісікке қарсы препараттар шығару қолға алынбақ. Өндіріске қажетті шикізат әзірге Сингапурдан жеткізілуде. Дәрілік препараттардың сапасы Жапония мен Сингапурда шығарылған заманауи қондырғылар орнатылған зертханаларда тексерілуде.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаевтың айтуынша, «Kelyn-Kazharm» ЖШС ірі бизнес субьектілерінің қатарына жатады. Кәсіпорын импорт алмастыру мәселелерін толықтай шешіп, елімізді сапалы әрі қолжетімді дәрімен қамтамасыз етуде. Өнімін шетел нарығына да шығара бастаған.

«Зауытта бүгіндері 311 адам еңбек етеді. Олардың қатарында Қытайдан келген мамандар да бар. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша кәсіпорында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Оқуларын бітіргеннен кейін осында еңбек етуге қалатындардың қатары да жыл өткен сайын артып келеді»,-дейді «Kelyn-Kazharm» ЖШС-інің директоры Мерей Сламұлы.

«Kelyn-Kazharm» зауытында медициналық препараттардың 150 түрі шығарылады. Өткен жылы мұнда 2649 млн.теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 7903 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда шай мен кофенің бағасы шарықтап барады

10.07.2023

Аймақтық форум: Алматы облысында импорт айналымы 1 триллион 182,1 млрд теңгені құрады

15.12.2022

Біле жүріңіз: әлем мемлекеттерінің несиелік пайыздық үстемесі қандай?

08.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа