No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

Алматыда шағын құмырсқа фермасы бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

27.03.2023
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
156
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Дамир Әбдіғани Алматыда шағын ғана құмырсқа фермасын ашқан. Жас мирмеколог (құмырсқа зерттеушісі) бұл іспен 13 жасынан бастап айналысады.

Алматылық жігіттің ата-анасы алғашқы кезде баласының ерекше қызығушылығына қарсы болса да, уақыт өте түсіністікпен қарап қолдау көрсеткен.

«Өзінің қызығушылығын басып қоймас үшін баламызға қолдау көрсету жағын ойластырдық. Үйде жәндіктерді асырауға болмайды ғой, сол үшін тігін цехымыздың бір бұрышын баламызға жағдай жасап, өзіне бір құмырсқамен айналысатын бұрыш жасап бердік», – дейді Дамирдің анасы Раушан Әнуарбекова.

Дамирдің шағын фермасында елдегі құмырсқалардан бөлек, тропикалық түрлері де кездеседі. Нақты айтқанда, құмырсқаның оннан астам түрі бар. Бүгінгі күні құмырсқа өсіру Дамир үшін жай ғана хобби емес, жақсы табыс көзіне айналған.

«Құмырсқаларды әр түрлі елдерден аламын. Қытайдан, Австралиядан, Европадан, және оларды көбейтіп, қайтадан Еуропаға, Ресейге сатамын. Себебі ол жақсы табыс көзі. Бір дана құмырсқаны мың долларға сатқан кездерім де болды», – дейді Дамир Әбдіғани.

Құмырсқа сатып алатын шетелдіктер оны көбіне дәрі-дәрімек шығыратын зауыттарға өткізеді. Себебі жәндіктен бөлінетін қышқылдың емдік қасиеті бар екен. Дамирдің айтуынша, құмырсқа өсіру оңай шаруа емес. Оларға қолайлы жағдай жасау керек. Мысалы, бөлмедегі ылғалдылық мөлшері орташа, ал температура +20-22 градустан төмен болмауы керек. Одан бөлек күн сайынғы қорегі бар. Жалпы әлемде құмырсқаның 14 мыңдай түрі бар. Алматылық мирмекологтың есебінше, олардың 150-ге жуық түрі Қазақстанда тіршілік етеді.

Байланысты Материалдар

Қазақстандықтар саны: 19 854 83

02.06.2023

Қазақстан халқының саны 19 миллион 854 мың адамға жетті

02.06.2023

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Шымкентте туберкулездің ашық формасымен ауырған педагог оқушыларға сабақ берген

15.04.2023

Илон Маск Twitter-дегі басшылықтан кетеді

12.05.2023

Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?

09.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қазақстандықтар саны: 19 854 83
  • Қазақстан халқының саны 19 миллион 854 мың адамға жетті
  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа