No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

«Еңбек» – кәсіптің қайнар көзі

Сапалы матадан  сәнді бұйым тігіп, өзгеге ұқсамайтын ойындағы өзгеше  үлгісіне, өзіндік қолының өрнегіне алдындағы ине-жіп арқылы жан бітіру асқан дарынды, һәм талантты қажет етері анық.  Екінің бірі, егіздің сыңарына бұйыра бермейтін тігіншілік ісін ұршықша игеру адамға тағдырдың тарту еткен үлкен сыйы деуге болады.  Іс машинасының құлағында ойнайтын он саусағынан өнер тамған жандардың бүгінгі күні маңдай жұлдызы жанып-ақ тұр. Қызығушылығы арқылы кәсіп бастап, одан нәсібін көріп отырғандарда жоқ емес. Соның бірі, Алматы облысы Қарасай ауданы Исаев ауылының тұрғыны Бағдат Арынбаева.

27.09.2022
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

1965 жылы сәуір айының 14-і күні өмірге келген ақжаулықты анамыз Ақсу ауданы Кеңжыра ауылының тумасы. Ақындар елінде өмір есігін ашқан бұрымды 1982 жылы мектеп бітіргеннен кейін Алматы темір жол инженерлерін дайындайтын жоғары оқу орнына түсіп, теміржолшы мамандығын игеріп шыққан.

Әуелде мамандығы бойынша еңбек етіп, Сары Шаған бекетінен бастап, кейінірек Үштөбе, Талдықорған, Боралдай бекеттерінде қызмет істеген.

Ажарлы келіншектің жанарындағы жалынның артында оттың ошағын сөндірмеу, қос бірдей атұстарын жеткізу деген жігер жасырынып тұрған еді. Осы бір алып күші оның өмірдің әр белесінен алып шығып отырды. Өйткені, арқа сүйер азаматынан 1994 жылы айырылған ананың ендігі ойы ұлдарын жеткізу еді.

Шойын жолда шыныққан Бағдат Қожаханқызын өмір шіркін бетке алған бағытының арнасын басқа жаққа бұрғызды.

Оның жаны болаттай бекем, шыдамы темірдей мықты болғанымен денсаулығы өзі талай жылын арнаған темір жолы сияқты берік болмады.  Бекеттегі жылдары жастығымен қоса басты байлығында ұрлағандай.

2014 жыл кейіпкердің өмірінде бірталай өзгеріс орын алды. Оның денсаулығы сыр бергендіктен, сол жылы қыркүйек айынан бастап темір жолдағы қызметімен бір жола қоштасады.  Осылайша, Талдықорғаннан отбасымен бірге Алматы облысы Қарасай ауданы Исаев ауылына  қоныс аударады.

Ердің жасы елуге таяған шағында қолы ұзарып келінді болып, ұлдарын ұясына қондырып, жеке үй жасаған ардақты ананың бұл кездегі міндеті ұрпағының жалғасы, өмірінің мәні, көзінің қуанышына айналған немерелерін өсіруге бағытталды.  Алайда, жастайынан еңбекке араласқан кейіпкеріміз үйде қол қусырып қарап отырғанша, немерелеріне арнап түрлі заттарды қолдан жасауға қызығушылық танытқан.

«Жұмыссыз бос отырғым келмей, алғашында немерелеріме арнап көрпеше,ойыншық тіге бастадым.Кейінірек теледидардан «Еңбек» бағдарламасы туралы естіп, жұмыспен қамту орталығына келіп мәлімет алып,іс тігуді кәсіби түрде меңгергу үшін тігіншілер курсына жазылып, үш ай оқып шықтым»,-дейді кәсіпкер.

Тіккен бұйымдар сапалы шығу үшін кәсіби іс машинасы жәнеде басқа керекті  құралдарды аламын деген ниетте мемлекеттік грантқа қатыспаққа бел байлайды.

Өзінің айтуынша,   бизнес жоба құру керек болған соң, көп ойланып, жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдар дайындау туралы шешімге келеді. Іскер жанның негізгі мамандығы инженер болғандықтан  жобаны құру оған оңайға түскенін тілге тиек етті.  Осылайша, бизнес-идеяны жүзеге асырмаққа  бұйымдар тіге бастаған.

Айы оңынан туған Бағдат апай, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 583 400 теңге көлемінде грант ұтып алып, осылайша басты кәсіпке аяқ басады.

«Негізі бұрын іс тігумен айналыспаған едім,бірақ немерелі болғаннан кейін немерелеріме сапалы заттар алғым келді,ал сапалы заттар көбіне шет ел тауарлары өте қымбат болып келеді, арзан заттардың сапасы төмен,сол кезде босқа отырғанша сол заттарды өзім тігіп көрдім, және таныстарым, туыстарым тіккен бұйымдарыма қызығушылық танытып,сұраныс түсебастаған соң осы кәсіппен айналысу мақсатында 2021 жылдың желтоқсан айында «Нұрайса» деген атаумен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсібімді аштым»,-деп ағынан жарылды.

Жеке кәсібі нағашы апасының құрметіне  «Нұрайса» деп аталған. Қазақ, «тектіден текті туады, толқынды толқын қуады» деп бекер айтпаса керек. Нағашысы да өз заманында шебер кісі болған екен. Қолдан алаша тоқып, жіпті қойдың жүнінен иіріп,өзі бояп өрмек құрумен шұғылданған. Бағдат апайдың бойындағы дарыны да әжесінен дарыса керекті. Тіпті өзінің анасы Нұрғазиза да ине-жіпті жанына серік етіпті.

«Анам өзіне және бізге көйлек тігіп беретін, құрақ құрайтын, жас күнімде іс тікпесемде осы кісілерден дарыған болу керек тігінге икемді болып шықтым, жиендерімнің ұзатылу тойларына құрақ көрпе силап жүрдім»,-дейді Бағдат Қожаханқызы.

Балаларға арнап бұйымдар тіккенді жаны сүйетін ардақты әже қара базарда сатылатын банттарға көңілі толмай, мектеп табалдырығын енді аттаған немересіне өзі бантик жасап берген, осылайша, шебердің қолынан шыққан әсем дүниеге туған-туыс, көрші-көлеңнің көзі түсіп, әп-сәтте сұраныста артқан.

Бұдан бөлек, жаңа туылған нәрестелерге арналған көрпешелер, перзентханадан шығарар кезде орайтын конверттерді де асқан талғаммен тігеді. Өзіндік қолтаңбасы бар өнімге қалауыңызша жазуды кесетлеп тіктіртуіге де болады.

Бүгінгі күні өз үйінде кәсібін дөңгелетіп отырған іскер әйел, алдағы уақыттарда үлкен цех ашуды жоспарлап отыр. Тіпті таяу болашақта осы істі жастарғада үйретпек ниетте.

Ол, кәсіппен айналысамын дегендерге мемлекеттен қолдау табылатынын алға тартады. Тек ерінбеу кереек леген оцда. Бастысы мақсатыңа қарай ұмтылсаң үкіметтің өзі үкілеген үмітіңді жалғайды деген сенімде.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Картоп өндіретін шаруа қожалықтары сапалы тұқым қажет

08.09.2022

Бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болады?

26.06.2023

Үйде отырып бастауға болатын 13 бизнес түрі. Олар қандай?

18.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа