Тұмса табиғатымен талайды тамсандырған Жетісу өңіріне қарасты Кеген ауданы қазақилығымен танымал. Исі қазаққа тән бір қасиет бар. Ол қазан аты бір бөлек болған жылқы малын жандарына серік етуі. Мінсе көлік, ішсе сусын болған төрт түліктің төресінен түсер пайда да аз емес. Алматы облысының түкпір-түкпірінен келіп түсетін сұраныстар ұлттық сусынымыздың нарықтағы орынының жоғары болуына да септігін тигізіп жатқан жайы бар-ды. Қымыз-қымыранын дәріптеп, кәсіптен нәсібін тауып отырған жанның жетістікке жетуі естіген құлаққа оңай болғанымен әсте олай емес. Тағдыры сынады. Бірақ ол сынбады. Өнерді таңдағанымен тағдыры шыр айналдырып кәсіпке алып келді. Есесіне өмірден есесі кетпеді. Оқырманға жол тартқан материалымызда есебі түгел, еңбекке епті кейіпкеріміздің өмір жолын айтпақпыз.
Сайылбекова Шарбат Айтжанқызы 1978 жылы 27 қазанда Кеген ауданында дүниеге келген. Жанұяда Гүлзат есімді әпкесі, Ринаттай артынан ерген інісі бар. Ол Кеген ауданындағы Дәстүр орта мектебінде 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін оқыған, кейін 1992 жылы түрік сыныптары сәнге айналып, оқуға түскен.
– «Ұстаздар арнайы Кегенге келіп емтихан алды. Содан біздің ауданнан 7 ме, 3 па оқушы соған түсіп 10, 11 сыныпты Тимирязева-Байзаковада бітірдік. Ол жерде түрікше тереңдетіп оқытты. Филология саласында оқыдым»,-дейді Шарбат ханым.
Алайда кейіпкеріміз ары қарай филологияны жалғастырмаған. Себебі, оның бала күнгі арманы актриса болу еді. Алтын ұя мектебін 1995 жылы тәмәмдағаннан кейін Айтжан ағаның қызы қазіргі Жүргенов атындағы университетке емтихан тапсырған. Ол кезде ректор Обаев болған екен.
-«Бүгін Райымбек ауданының оқушылары керемет тапсырып жатыр деген сөзді құлағым шалды. Этюдтан құлаған жоқпын, мүдірмей өттім. Соңына келгенде, студенттердің атын атағанда менің фамилиям аталмады. Жылап жібердім. Гизатова деген апайға барып: «Мен неге түспедім? Маған бәрі жақсы деп айтып едіңіздер» деп едім, «Қарағым, оқуға сенің талабың бар, бірақ қыркүйегінен бастап сабаққа келе бер» деді деп сөзін сабақтады өткенді еске ала отырып. Қай жерде болса да шапшаңдық танытатын қайсар қыз, уақытымды бір жылға өлтіргенше басқаға тапсырайын деген оймен құжаттарын алып кетіп қалған.
-«Анамның ең үлкен әпкесі Валиева Майра білім саласында жүріп, жиенім оқуға түсті ме екен деп барса, «Сіңліңіз түскен, өзі документін алып шығып кетті» деп сыртымнан айтыпты. Сол сөзді естігенде бір күн жылап жаттым»,-деді Шарбат Айтжанқызы.
Ата-анасының үкілеп өсірген қызы, 9 сыныпқа дейін қызылмен бітірген кешегі озат оқушы лицейде жүріп оқуға түспей қалдым деп ауылға келуге намыстанған. Содан 5 оқуға бірақ тапсырыпты. АГУ-дың филологиясына, Шығыстануға араб тілін таңдап оқымақ ниетте болған, Алайда түсе алмапты. –«Соңында, Утепов атындағы өнер академиясына келіп тапсырдым. Ол жерде Зейнолла Қари деген ректор болды. Бекболат Тілеуханов маған термеден сабақ берді. Ақылы түіріне түстім. Бибігүл Төлегенованың жолдасы біздің ректоры болды. Студент аз болды. 3 студент бар-жоғы. Маған қызық болмады. Сосын ректорға кірдім де «Аға, мен мына салада оқымаймын. Бір көмек беріңізші» дедім. «Сенің ынтаң болып тұрғанда, кім саған жоқ деп айтады. Заң саласы тұр. Сол заңға оқығың келсе, тарихтан, қазақ тілдіен емтихан тапсыр» деді, -деп сөзін сабақтады.
Білім ордасының ректоры Зейнолла Қари Шарбат ханымға өзі оқитын жерден жұмыс беріп, студент ару вахтада жұмыс істеген. Асқар тау әкесі тұлымшағы желбіреген қызының ел қатарлы білім алуына жағыдай жасап, үш жылғы оқуының ақшасын төлеп беріп отырған.Оқуын аяқтағаннан кейін 1997-1999 жылдары төраға Ботбаев Есболған ағаның кезінде 2 жыл 8 ай аудандық сотта қызмет атқарған. Артынша бұрымдылардың тағдырына жазылған қызметіне кіріскен. Ол не дейсіз бе? Үлкен әулеттің табалдырығынан аттап әкесінің қарлығашы ибалы келін болып тұрмысқа шыққан. Таңдаған азаматы Райымбек ауданының акушер-геникологы болып қызмет атқарған. Ауданға жақын аймақтарға ота жасату үшін шақырту алатын білікті дәрігер ары бері кетіп қалсақ, сен жұмыссыз қаласың. Одан да мұғалімдікті оқысаңшы деп асыл жарына кеңес айтқан,оны өмірлік серігі де құптай кеткен.
– «Тұңғыш ұлым 1999 жылы қарашаның 4-де Идаят Жаһангер дүниеге келді. Ұлым дүниеге келгеннен кейін 1 жас 3 айына дейін бала күтімінде отырдым. Содан мектепке жұмысқа шықтым. Тарихтан сабақ берсем болады ма деп кірдім. Ол кезде әлі мұғалім емеспін. Дирекетор Амангелді Бектұрғанов «Сабақ берсең бәрін қосқанда айлық жалақың 1200 теңге болады. Сен одан да менің хатшым бол. Жолдасыңмен ақылдас» деді. Мен ешқашан жолдасыммен ақылдасқан адам емеспін. Бір кемшілігім сол шығар. Себебі, ойымда не тұр соны істеймін. 3000 мың теңелік жалақысы бар хатшы болуға келістім»,-деді ардақты жан.
Кейіпкеріміз 2001 жылы мектепке жұмысқа тұрып, 4 жыл хатшылық қызмет атқарған. Алматыдағы қыздар педагогикалық университетіне оқуға тапсырып информатиканы сырттай оқыған. Мектеп диреторы Амангелді Бектұрғанов ағамыз зейнет жасына жеткеннен кейін Профсоюз болып ол кісі Мәслихатқа ауысып кеттіп, артынша оның орына Нұрбаев Қайрат Сәбенұлы келеді. Сырттай оқып жатқанын айтқан Шарбат мектеп басшылығынан сағат бөлуін сұрайды. Әр бір істегі жетісттікке қол жеткізу оңай емес екені ақиқат. Аудан бойынша өтетін семинарда үздік нәтежие көрсетсең ғана сағат бөлінетін болады деген оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарының сөзі батыл қызға қамшы болып, соның нәтижесінде барлығын ойдағыдай орындап шыққан.
Жолдасы екеуі ата-анасының қолында тұрған екен. Ол да Шарбаттың жасындай жарқырап алдыға шығуына септігін тигізсе керекті. Сол кездің өзінде киіз үй тіккізіп, қымыз сатып шағын кісіппен айналысқан.. Өзі мұғалім, жолдасы мемлекеттік қызметкер болғандықтан үкімет 2006 жылы тегін үй берген. Кегеннен несие беретін банктің филиалы болмағанын ескерсек. Аталған өңірге несие беретін орынның ашылуына да Шарбаттың кәсіп ашуы мен анасының қызын қолдаймын деп несие рәсімдеуі ықпал етсе керек. Анасы Алматыға барып Абар Қожахметовұлы деген кісіден кредит алған екен, Кегеннен неге филиалдарыңызды ашпайсыздар? Бізде кредит алатын халық бар, қызым да сол жерде істесе деп едім. Информатикадан сабақ береді. Бұрын заң саласында істеген деп ұсыныс білдіргені сол-ақ екен онда қызыңыз бізде 1 ай стажировкадан өтсін деп өзіне қолқа салған. 1-ақ апта іс-тәжірибеден өтіп, несие беретін филиалмен қатар мектепте қосымша сабағында өткізіп екі істі қатар алып жүрген. Кесте тоқитын сұлуын өмірге алып келгеннен кейін жолдасынан ақша алмастан бизнеске шығып, Кегеннен second hand ашқан.
« Бір бутканы салып алып, оны орынына әкеліп қоюы 500 доллар болды. Аяқ киімдер саттым, себебі, елде сұранысқа ие шет елдің аяқ киімдері еді. Менің аяқ киімдерім 1500 теңге, ең қымбаты 3000 теңге. Елдер құжынап келіп алады. Товарды Алматыдан 2-3 мөшекпен алып келемін. Сөйтіп қыстың күні сағат 10 да ашамын, түскі сағат 2-3 ке таман жауып кетемін. Ол дүкенді анам 2 қабат қылып қарызданып, қауғаланса да тұрғызды. Дүкеннің аты «Шәрбат» сауда орталығы. 1 қабатында азық-түліктер отповый бағада, киім-кешек, ыдыс-аяқ дегендей». Міне, табандылық тантықан жанға табыс таудай үйіліп келетіні рас. Оған дәлел кейіпкердің жүріп өткен жолы.
Бизнесте толағай табысқа жеткен Кегендік ару туризмді дамыту үшін қонақ үй салып, келген қонаққа жылы жұмсағын әзірлеп, қонақжайлығымен көптің көңілінен шығып, өзіне де өзгеге де жағыдай жасап отыр.Тіпті кәсібін кеңінен таныту үшін ғаламторда да жарнама беріп, арнайы сайт ашып, жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдаға жаратып отыр. «Қалауын тапсаң қар жанар» дегеносы шығар. Шарбат сынды қайсар жанның жұлдызының жануы оның жұмысқа деген махаббатымен өмірге деген құлшынысының жемісі деп айтуға толықтай негіз бар. 2018 жылы 100 адам сиятын үлкен қазақ үй салған. Ұлттық нақыштағы бұл мейрамханаға қуаныш тойларын өткізетін елдің қарасы қалың сыңайлы. Басты себеп көрсетілетін қызмет сапасының жоғары болуында дейді кәсіпкер ханым. Табиғи таза өнімнен ғана ас мәзірін дайындайтын мейрамхананың басты ерекшелігі мұнда барлығы халал. Арақ-шарап ішілмейді. Тек қымыз, саумал, ірімшік, құрт, май, кілегей, қуырдақ сірне сынды қазаққа тән дәмдер. 30 бие ұстап, оның сүтін сатып пайдаға кенеліп отырған Шарбат Айтжанқызы тек қана өзінің қалтасының қамын ойлап қоймай, көршілерінің де табысты болуына септігін тигізіп отыр. Ол қалай дейсіз бе? Өзінің саумал, қымызымен қоса құдай қосқан көршілерінің де саумалдарын сатып әрі табыс тауып, әрі сауап жинап көмектесіп отырған жайы бар.
- – «Әкем қымыз бен саумалды ғана жеткізеді. Өзіміздің көршілеріміздің саумалдарын да әкеледі. Халық арасында сұранысқа ие. Артылып қалып қалмайды. 50-150л арасында сатылып кетеді. Көкпектен бастап қымыздың тапсырысын әке-шешем жеткізеді. Алматының Көктөбе, Медеуге дейін тапсырыс беретін. Қазір оны қойды. Себебі, жастары жетті. Онымен қазір өзім айналысамын. Таксимен сөйлесіп, келісіп жүріп жеткіземін»- дейді табысты кәсіпкер. Бесаспап ханымның кәсібі мұнымен шектелген емес. Қазір ол бал сатумен айналысады. Әкесінің шабындық жерін омарташыға жалға беріп, ақшаның орнына бал алып оны да кәдеге жарататын кейіпкер орайы келсе әрбір істі дөңгелетіп алып кете алады.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған жан әр салада бағын сынағанымен бағы кәсіптен жанды. Еңбегі еш кетпеді керісінше ризығы еселенді. Тәңір ащыны ұсынғанда тартынбады, тәтті сыйын бергенде тәубесінен жаңылмады оның жетістігінің сыры да осында.