No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Қазақстандық «Сафаридің» келбеті тым басқа

Іле Алатауының бөктері, Текес пен Құтырған өзендерінің түйіскен жері Алматы облысындағы таңғажайып мекеннің бірі. Ресми атауы - «Сафари Тау Шелек» демалыс аймағы.

08.07.2022
Дара кәсіпкер
35
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Атауы естіген құлақты елең еткізерлік . Жабайы табиғатты жаны сүйетін жандар үшін таптырмас  мекен  Райымбек ауданында орналасқан.  Жеке аудан мәртебесін алған өңірдің келбеті 3 жыл ішінде айтарлықтай өзгерген. Оның ішінде өлкенің ішкі туризмін ерекше атап өткен жөн.

Аудан таулы аймақ болғандықтан туризмді дамытуға қолайлы. Бұл маңда 5 демалыс орны нақты жұмыс жасап жатыр. Олар: «Сафари Тау Шелек» ЖШС, «Қарасай» жайлауы, «Үшқақбақ», «Шоған сай», «Ақкөл».

Осылардың қатарында өзгеден дараланып тұрған, туристердің қызығушылығын тудырып отырған орын – «Сафари Тау Шелек».

2018 жылдан бастап жұмысын бастаған демалыс орны енді ғана аяғынан тұрып келе жатыр. Тау шатқалдары қоршаған мекеннің тұмса табиғаты таңқаларлық. Деседе, бұл маңды туристер келетін орынға айналдыру оңайға соқпаған.

Жер телімін рәсімдеу, Сафариға апаратын жолды жөндеу, 12, 8, 6 қанатты қазақ үйлерді орнату тілге жеңіл болғанымен іс жүзінде бір атанға артар жүкке тең еді.  Туған топырақтың төсінде маңдай терім қалсын дегендер белсене кірісті, нәтижесінде мәселенің түйінін тарқатты.

Алғашқыда, аса танымалдыққа ие боламыз деген ой  азаматтарда болмаған. Әлем желіде тараған ақпараттың арқасында кәсіптің тасы  бір сәтте өрге домалай түскен.  Демалыс аумағында ақ шаңқан қазақ үйлер тігілген, екі қабатты тұрғын үйде салынған. Барлығы келушілердің көңілін табуға бағытталған.

Сондай-ақ, бұл маңда «Күркілдек» сарқырамасы бар.  10 метр биіктіктен құлап ағатын ағын судың арыны қатты. Тау шатқалында орналасқан жерге көлікпен және атпен жетуге болады. Таңдау келушілердің өз қалауында. «Сафари Тау Шелекте» этноауыл, интераңшылық, атпен және жаяу серуендеу жолға қойылған.

«Осы жер менің аталарымның табаны тиген мекен. Меніңде балалық шағым осында өтті. Этонауыл ашып, туристерді шақырып, неге қонақ күтпеске деген ой келді. Сол арманды жүзеге асырдық. Орта есеппен мұнда аптасына 25-30 көлік келеді. Сонда 100 адамнан асады келушілер саны.Әлі де маңайымызды кеңітіп, жатар орындардың санын көбейту жоспарланған. Алдағы уақытта 6,8 қанатты қазақ үйлер әр апта сайын алып келінеді деп күтіп отырмыз»,-дейді «Сафари Тау Шелек» ЖШС директоры Азат Саматұлы.

Демалыс аймағының басшысының сөзіне сүйенсек, ендігіде 50 бас қодас Қырғызстаннан алып келінбек. Қазіргі кезде олардың күтімі, өсіру тәсілі, жерсіндіруіне қатысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр екен.  Демек, алдағы 2 жылда Қырғызстан мен Тибетте мекен ететін жануарды Іле Алатауының бөктерінен көруге мүмкіндік тумақ.  Азат Саматұлының айтуынша, қодастардың санын 2000-3000-ға дейін жеткізу көзделген.

 

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

Ақша үнемдеуді 21 күнде қалай үйренуге болады?

09.01.2023

Дипломсыз да табысты болған 11 миллионер туралы білесіз бе?

13.12.2022

Екібастұз ЖЭО-сына 5,5 млн теңге айыппұл салынды

13.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа