No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Шалғай ауылдарға жеткізу қызметі қажет – Қуаныш Шаханов

Заман ағымы, жаңа тенденциялар қоғамның өзгеде салалары сынды кәсіпкерлік бағытты да айналып өтпесі мәлім.

12.07.2022
Дара кәсіпкер
37
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Құндылықтардың орны ауысып, құны кеткен кезеңде қаржының орнына қайтып келмес уақытын сарп ететіндер жетерлік. Қазіргі таңда шағын және супер маркеттердегі ұзын-сонар кезекке көз үйренген. Минуттарынан бұрын мардымсыз қаржысын үнемдеймін деп, азық-түлік алу үшін «аяқтан тозатындардың» саны басым. Шалғай ауылды былай қойғанда, бұл дәстүрлі үрдіс үлкен қалаларда да қалыпты жағдайға айналған.

Алайда, бүгінде тұтынушының уақытын үнемдеу үшін өнімді есігінің алдына дейін жеткізу қызметі жолға қойылған.

Сөзімізге арқау болып отырған осы бағыттағы кәсіп түрі ,Алматы облысының шет аудандарында өз жұмысын бастаған болатын. «Easy FOOD» атауымен ашылған азық-түлік дүкені, дәл осы жедел жеткізу қызметінде ұстанған. Дәстүрді кәсіп пен бизнестің заманауи тәсілін бірге қолданған. Аталмыш жобаның негізін қалап, кәсіптің құрылтайшыларының бірі- Қуаныш Шаханов.

Кәсіпкерлік саласында түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген азамат үшін бұл жеткізу қызметіндегі алғашқы жобасы еді. 2017 жылы жолға қойылған бастама біраз уақыт нәтижелі жемісін берген. Дегенмен, одан түсетін пайда айтарлықтай көп болмаған.

«2017 жылдың аяғына таман «Easy FOOD» жобасын іске асырдық. Онда азық-түлікті жеткізумен айналыстық. Дәл қазіргідей сол шақтарда да адамдар өз уақытын үнемедемейтін еді. Сол себепті біздегі жедел жеткізу қызметінде бөлшек сауда аса бір сұранысқа ие болмады. Бізде, мектептер мен балабақша сынды арнайы мекемелерге азық-түлікті жеткізу қызметіне басымдылық берілді. Осылайша, жұмысты жалғастырдық»,- дейді Қуаныш Шаханов.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаның айтарлықтай айналымға шықпауы темекі мен спирттік ішімдіктерді сатпауында екен. Өйткені, барлық азық-түлік дүкендеріндегі негізгі табысқа келетін түсім «қос өнім» арқылы келеді.

Хош, Қаскелеңдегі ең ерекше бизнес жоба болып танылған «Easy FOOD-тің» есіктің алдына дейін жеткізу қызметіне жүгінетіндер саны орташа хәлден әрі асалмады. Мұнысын, кәсіпкер дәл осы бағыттағы қызмет көрсету саласын ерте бастағандарымен байланыстырады.

«Біз бұл бағытта жұмысты ерте бастадық деп ойлаймын. Бірақ, пандемия кезінде жеткізу қызметіне сұраныс артты. Мәселен, арбуз.кз дүкендер желісі біздегідей өнімді үйге дейін тасымалдаумен айналысты. Бірақ олар айналымға үлкен қаражатпен кірді»,- деп сөзін сабақтады Қуаныш мырза.

Елді мекендерге таңсық болған бизнес түрімен айналысқан Қуаныш Шахановтың ендігі ойы, жеткізу қызметін шағын қалалар мен аудандарда қайта жандандыру.

Расымен, шалғай жерлерде үлкен сауда орындарының жоқтығын ескерсек, жеткізу қызметі тапсырмас кәсіп болары анық. Барлығы дамыған кезеңде, кәсіпті ілгерлетудің жолы да сан қилы. Кәсіп түбі-нәсіп.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

“Тенгизшевройлға” 2,8 млрд теңге айыппұл салынды

16.08.2023

Ай сайынғы шығынды қалай азайтуға болады?

14.01.2023

Қор нарығында сауданы қалай бастау керек?

25.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа