No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Текелі кәсіпорындары мәрмәр ұны бойынша ел қажеттілігінің 80% – ын өтейді 

Жетісуда мәрмәр ұнын өндіруді бастаған алғашқы кәсіпорындардың бірі Текелі моноқаласында орналасқан "Art-KZ" ЖШС болып табылады.

18.08.2022
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
17
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпорын шығаратын өнім барлық құрғақ құрылыс қоспаларының, сондай-ақ бояулардың құрамына кіреді. Тұтастай алғанда, Текелі өңірінің кәсіпорындары елдің мәрмәр ұнына қажеттілігінің 80% – ын жабады. Бұған дейін аталған өнімді негізінен көрші елдерден импорттаған болатын.

 

Евгений Майерленің айтуынша, кәсіпорын 2008 жылы құрылған, дегенмен мәрмәр ұнын өндіру тарихы “Алатау мәрмәр”ұйымынан басталған. Бүгінде “Art-KZ” шамамен 15 мың тонна шикізат өндіреді, сондай-ақ айына 300 тонна дайын құрғақ қоспалар өндірісі жолға қойылған, олар Талдықорған өңірінде сатылады.

 “Біздің мәрмәр ұны “Ақшақар”, “Радуга”, “Selena”, “AlinEX”брендінің өнімдері сияқты танымал бояулардың құрамына кіреді. Біз өзіміз дайын құрғақ қоспаларды өндіруді бастадық. Негізінен біздің шикізат пен өнім Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында сатылады. Инвестор өз қаражаты есебінен жабдықты 3 жыл бұрын жаңартты, мемлекеттік қолдауға жүгінбеді”, – деді Евгений Эмильевич.

 

Оның айтуынша, бүгінде зауыт 15 адамды диірмен қондырғысының машинисі лауазымына қабылдауға дайын, жалақысы 214-тен 218 мың теңгеге дейін. Кәсіпорында 3 бригада жұмыс істейді, осылайша әр қызметкер айына 15 күн жұмыс істейді, демалыс 30 күнге созылады, кәсіпорын жұмыс берушінің есебінен қызметкердің жалақысының 5% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын төлейді. Өз карьері бар. Қазір зауытта 50-ге жуық адам жұмыс істейді, жалпы мәрмәр кластерінде 500 жұмыс орны құрылды.

 

“Көбіне жас ұрпақ қолмен жұмыс істеуге ұмтылмайды, оларды блогерлік, интернет желісі көбірек қызықтырады. Бірақ жаңа облыста өнеркәсіпті көтеру, құрылыспен айналысу қажет. Бұл аймақ экономикасының дамуы үшін өте маңызды. Өз тарапымыздан біз өз күшімізге қарай отандық құрылыс саласының дамуына өз үлесімізді қосамыз, жұмыс орындарын құрамыз, өндірісті жолға қоямыз. Бүгінгі таңда кәсіпорынның ең жас қызметкері 22 жаста, ал ең үлкені 72 жаста”,-деді Евгений Эмильевич.

Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі Текелі қаласының үлес салмағы осы кезеңде 13,1% – ды құрайды. Моноқалада құрғақ құрылыс қоспалары, уыт, бордюрлер, таурит, сүт өнімдері және т.б. өндіріледі. Ағымдағы жылдың 7 айында қала экономикасына 2909,6 млн.теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ, Текелде 1500-ден астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, бұл салада 3800-ге жуық адам жұмыс істейді, осы жылдың 7 айында 6425,0 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарасай ауданы  өнеркәсіп өндірісіндегі облыстағы үлесі – 33,4%

01.02.2023
Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

«Google салығы»: Қазақстан бюджетіне 3 млрд теңге аударылды

12.08.2022

Бизнеске қатысты қылмыстық істер жайлы кодексті қайта қарау қажет- Смайылов

12.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа