No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық палатада туристік саланы дамытудың әлеуеті талқыланды

21.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Туристік сала комитетінің отырысы барысында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы, сондай-ақ туристік саланы дамытудың әлеуеті мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды kazbusiness.kz Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Мемлекет басшысы туристік инфрақұрылымды дамыту және шетелдік инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасаудың және елдің бүкіл экономикасын дамыту үшін қажетті туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске қосудың маңызын ерекше атап өтті», – деді ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Спикер шараға қатысушыларға ҰКП трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарын таныстырды. ҰКП басшысы трансформацияны 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта үш кезеңде жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Ақпанда Съезд тарапынан Президенттің ҰКП қызметін шағын бизнеске бағыттау туралы ұсынысы қолдау тапты. Бизнес өкілдері ҰКП-ны трансформациялау мәселесін көтеріп, ҰКП-ны қауымдастықтарды үйлестіру және салааралық мәселелерді шешуге шоғырландыру функцияларына кезең-кезеңімен көшу қажеттігін көрсетті», – деді Төралқа төрағасы.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық палатада шағын бизнеске назар аударылып жатыр. Ал Комитет жанынан құрылған өңірлік алаңдар туристік саладағы шағын бизнестің бірлестігі ретінде қызмет етеді.

 «Трансформацияның мәні – өңірлер деңгейінде салалық ерекшелікті құру. Аталған кезеңдерде ҰКП департаменттері мен өңірлік палаталарын күшейту арқылы Төралқа жанындағы комитеттер, қауымдастықтар мен өңірлік кеңестерді күшейтіп, уақыт өте келе функциялардың едәуір бөлігін ҰКП-да аккредиттелген қауымдастықтарға беру жоспарланып отыр», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Осы жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін Палата бизнес үшін біліктілік пен сараптама орталығы болатын клиентке бағытталған компанияға айналуы керек. Ол үшін толымдылық, сапа, әрекет ету жылдамдығы және кәсібилік тұрғысынан сараптама құру қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізу көзделген.

 «Бұл өзгерістер бизнес өкілдерінің мемлекеттік бағдарламаларды орындау, субсидиялар беру бөлігінде көптеген талабына қатысты қолға алынып отыр», – деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, талқылау барысында ҰКП Төралқасының туризм комитетінің мүшелері саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы туризм комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева бизнес-қоғамдастықты ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды. Спикер «KazakhTourism» ҰК АҚ және мәдениет және спорт министрлігімен қол қойылған жыл сайынғы үшжақты жол картасын тиімдірек толтыру үшін саланы дамытудағы басымдықтар туралы хабарлады.

«Биыл ҰКП және Комитетпен үлкен жұмыс атқарылды. Елге кіруді шектеу мәселелері шешілді, сонымен қатар визалық мәселелерді жедел шешеміз, ҚТЖ-мен келіссөзер нәтижесінде мәселелердің біразын шештік. Келу туризмінің операторлары үшін субсидиялар мәселесі жұмыс істемейді, өйткені біздің ерекшелігімізді ескермейтін ережелер қабылданған. Сондай-ақ, біздің мемлекеттік құрылымдармен байланыс орнатқымыз келеді. Бізге пойыздардың құрамын жаңарту өте маңызды, ҚТЖ тарапынан туристік өнімдер жетіспейді», – деп атап өтті «SkyWay»  туроператорлық компаниясының директоры Әсем Қозбағарова.

Спикер сондай-ақ «жанды сабақтар» жобасының тиімділігін атап өтіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігін тарта отырып, барлық мектеп үшін ауқымды және тиімді бағдарлама жасауды ұсынды. Оның айтуынша, 2022 жылы «жанды сабақтар»  3,8 мың баланы қамтыды, еліміздің 4 өңірінде 1,80 мың баланы қамтитын экскурсиялар өткізілді.

 «Бізде мемлекеттік органдар қызметіне қатысты көп сұрақ бар. Олар көп жыл бойы айқын дәйектерді қабылдамайды және түсінбейді. Олардың бюджеті бар, тіпті «жанды сабақтарды» қаржыландыра алады, бірақ олар нақты қабылдамайды. Бұл барлық экскурсияны мұғалімдердің күшімен өткізеді. Өйткені бұл шаралар олар үшін маңызды емес, ал туркомпаниялар балаларға арналған өнімді ұсынады, бұл маңызды әлеуметтік бағдарлама», – деді Юлия Якупбаева.

Бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдердің тиімсіз жұмыс істеу проблемасы туралы Қазақстан туристік қауымдастықтың директоры Рашида Шайкенова айтып берді.

«Шаралар нәтиже бермегені анық. Егер мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша нақты айтсақ, туроператорларды субсидиялау жұмыс істейді, 1 желтоқсанға дейін құжаттар жиналады және ішінара «kids go free» бағдарламасы жұмыс істейді. Қалған шаралар жұмыс істемейді. Шараларды пысықтау механизмі өте кеш басталды. Біз Үкіметке өтінімдерді қабылдау мерзімдерін қайта қарау туралы ұсыныспен жүгіндік, өйткені кәсіпкерлер осы шараларды пайдалана алуы үшін қол жеткізу қажет», – деді Рашида Шайкенова.

Сондай-ақ, спикер саланы стандарттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, нарық бүгінгі таңда стандарттау қызметтердің сапасын жақсартудың жалғыз құралы екенін түсінетінін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық палата стандарт болмаса сапа болмайтынын және халықаралық сапа стандарттарын енгізуді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін Палата басшысы трансформация және ағымдағы салалық ахуалды талқылауды басқа комитеттердің мүшелерімен өткізіп, онда трансформация жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы айтып, Кәсіпкерлер палатасының құрылымында мемлекеттік бюджетті қысқарту туралы мәселені көтерген болатын.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Мейрамхана ісін меңгеру үшін не қажет?

16.09.2022

Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков жерленді

13.02.2023

31 тамыз: доллар бағамы қандай?

31.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа