No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

ТЕРІДЕН ЖАСАЛҒАН СӨМКЕ

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», дейді аталы сөзге тоқтай білген қазақ. Бүгінде белгілі бір кәсіппен айналысып, ел дамуына күш салып жүрген жандарды көргенде қуанасың. Солардың ішінде шағын және орта кәсіпте шаруасын дөңгелетіп, ерекше қырынан танылып жүрген қыз-келіншектер аз емес.

02.07.2022
Дара кәсіпкер
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыз толтырып айтуға оңай болғанымен кәсіп ашып,  одан әрі дамытып әкету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, қандай да бір істі бастағанда кедергілер мен қиындықтарға тап болатының рас. Сондықтан оған ептілік, үлкен сабырлылық және білім-біліктілік қажет. Сонда ғана ойға алғандарды жүзеге асырып, мақсат-армандарға жетуге болады. Қазір аймақта көптеген кәсіпкер мемлекет қолдауымен бизнесін кеңейтіп, жұмыстарын жандандыруда. Мұндай іскерлер әр өңірде бар. Солардың бірі «7 элемент» деп аталатын жеке кәсіп иесі – Мадина Камалдинова.

Бүгінде өз ісінің шебері атанып, кәсіпті нәсіп еткен келіншектің бизнеспен шұғылданғанына алты жыл. Осы уақыт ішінде тігін ісін жандандырған кәсіпкердің жұмысын көру үшін арнайы бардық. Бізді қарсы алған кәсіпкер қала ортасынан орын тепкен шағын цехтың қазіргі тыныс-тіршілігін көрсетті. Қыз-келіншектерге арналған сөмкелердің түр-түсі көз тартады. Байқағанымыздай, сапасы да сын көтереді. Соған қарай бағасы да жоғары, 30-50 мың төңірегінде. Тігіншілер де жас. Цехта 5 адам жұмыспен қамтылған. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруда. Шикізат Ресейдікі, өзге шет мемлекеттерден де әкелінеді. Бүгінде айына 80 сөмке шығарылады.

– Қол сөмкені әуеліде жай матадан тіктім. Сөйтіп, дайын өнімдерімді саттым. Бірте-бірте тапсырыс көбейіп, тұтынушылар оны таза теріден тігуімді сұрады. Өтініштерін қуана қабыл алдым. Алдымен жан-жақты іздендім, әсіресе ғаламтордың пайдасы көп тиді. Онлайн оқудан өтіп, грантқа тігін машинасын сатып алдым. Жұмысым осылайша жанданды. Өнімдеріміз интернет-дүкендер арқылы саудаланады,– дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, кәсіпкер тәжірибеден өту үшін оқу бітірген жастардың көп келетінін, тігіншілер оларға бар білгенін үйретіп, жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізетінін, бизнеспен айналысуға отбасының қолдау көрсететінін және алдағы уақытта бизнесінің керегесін кеңейтуді ойға алғанын әңгімеледі.

Айгүл Байбосынова
Қонаев қаласы
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда қымыз өндірісі қысқартылды

06.01.2023
фото: ашық дереккөз

Елімізде 18 күнге ғана жететін бензин мөлшері қалды

29.07.2023

Жеңілдетілген несиеге автокөлік алу қай уақытта жалғасады?

30.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа