Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға зор көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Отандық бизнестің дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкердің бірі – Арслан Даримов. Ол 17 жасында «Rоcket Study» білім беру орталығының негізін қалаған. Қазіргі таңда оның кәсібі өрге домалап, Астанада ағылшын тілінің 6 мектебін ашқан
2014 жылдың 7 тамызында компаниясын заңды түрде тіркеген боз баланың жасы ол кезде бар жоғы 17-де болатын. «Көз қорқақ, қол батыр» деп жұмысты бастап кетткен Арслан алғашында бір ғана офисті ашқанымен қазірде Астанада 6 білім беру орталығы бар.
Ақтөбе қаласының тумасының жастайымнан кәсіпке деген бейімі болған.
«Мектепте жүрген кезде шағын болса да өз жобаларыммен айналысып жүрдім. Яғни 9-сыныптан бастап, футболкаларды сата бастадым. Кейін 10-сыныпта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырдым»,- дейді жас кәсіпкер.
Астана қаласында көлемді 3 шара өткізген дарынды бала бұл істен 2000-3000 доллар пайда тапқан. Бар тапқан қаржыны ағылшын тілін үйренуге жұмсаған екен.
Мақсаты – АҚШ-тағы университтердің біріне грантқа түсу болған. Еңбекққор жігіт 11-сыныптан ағылшын тілін терең оқи бастаған. Нәтижесінде IELTS емтиханынан сүрінбей өтіп, АҚШ-тағы университтердің біріне грантқа түскен.
«Ағылшын тілінен емтихандарға дайындалып жүргенде жастар арасында проблема бар екенін білдім. Олар осы емтихандарға қандай кітаптармен дайындалу қажеттігін білмейді екен. Осылайша, Қытайдың интернет дүкендерінен 90-180 кітапқа тапсырыс бердім. Онда халықаралық емтихандарға қалай дайындалу қажеттігі жазылған. Ендігі мақсатым осы кітаптарды сату болды. Мен кітаптарды алғыздым. Кейін Астана қаласындағы барлық білім беру орталығының тізімін жасап, оларға хабарласа бастадым. Кейін ағылшын тілінің орталықтары менімен ақылдаса бастады»,-деп өткенін еске алды.
Кәсіпкердің айтуынша, біздегі ағылшын тілін оқытатын орталықтар студенттерді халықаралық емтихандарға қалай дайындау керектігін білмейді екен. Сөйтіп ол орталықтарға ақыл-кеңесін бері, білгенімен бөліскен. ТАлабы таудай дарында білім беру орталықтары жұмысқа шақырған.
Осылайша, жұлдызы жанған жігіт 2013 жылдан бастап ағылшын тілінінен сабақ беріп бастағна.
«Бұл мен үшін қызықты болды. Себебі, өз білгенімді өзгелерге үйрету маған ұнайтын. Өз жұмысымды ақша үшін емес шын пейіліммен істедім. Нәтижесінде оқушыларым білім алып, жақсы нәтижеге қол жеткізді»,- дейді ұстаздықтан кәсіпке ауысқан Арслан Даримов.
Мұғалімдік қызметті аяқтағаннан кейін «Алма-Ата» бизнес орталығына барып, ол жерден 10 шаршы метр болатын аумақты айына 40 мың теңге жалға алған. Алғашқы инвестициясы 70 мың теңге болған сырбаз жігіттің айтуынша бастапқы кездегі табысы 50 мың теңгені құраған. Бұл қаржы тек жалға алған орынның құнын жабуға ғана жеткен.
«Бизнесте табысқа жететініме сеніп, маған қолдау көрсеткен де, қолғабыс еткен де отбасым. Яғни әкем, анам және ағаларым. Олар әлі күнге дейін көмектесіп тұрады. Туысқандарым моральдық тұрғыдан көмек берді. Ата-анам қиын сәттерде тіреу болды. Осы жерде бір нәрсе айта кету керек. Мен жеке кәсібімді ашу үшін АҚШ-тағы грантымнан бас тарттым. Ал ата-анам «шетелдік университетке түсу керексің» деп қысым жасаған жоқ. Мен мектепті ғана бітірдім. Бірақ, университетте оқыған жоқпын. Алдағы уақытта АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стэнфорд универнисетінде маркетинг мамандығы бойынша білім алсам деп отырмын»,- деуде бүгінгі кейіпкеріміз.
Арсланның сөзіне сенсек, оған мектептегі білімнен гөрі ата-анамның берген тәрбиесі өмірде демеу болған. Себебі, әке-шешесі ақшаны қолына ұстатпайтын. Қалағанымның барлығын алып бермеген. Оның балалық шағында қымбат дүниелер, тіпті ойыншық та болмаған.
Алайда, ата-анасы жас жігітті үнемі ынталандырып отырды.
«Мысалы, әкем сабақтан бес алсам, ақша беретін. Ал анам маған экономика негіздерін үйретті. Экономикада «оpportunity cost» деген термин бар. Әрине, ол бұл терминді білмейтін. Екеуміз дүкенге барған кезде ойыншық алғым келеді ғой. Ол маған «Жоқ, алуға болмайды» деп айтпайтын. Анам былайша түсіндіретін: «Балам, нан 30 теңге, ойыншық 500 теңге тұрады. Қайсысы пайдалы? Нан ба, әлде ойыншық па? Анамның логикалық мысалы мен аргументінің өте орынды екендігін мен кейін түсіндім. Осылай ойлау менде әлі күнге дейін қалды. Салыстыру, логика, ойлау, ақылға салу – ата-анам берген тәрбенің ең құндысы. Нәтижесінде жастайымнан өмір сүруге құлшынысым оянып, өз мақсатыңа жету үшін аянбай еңбектену керексің деген түсінік қалыптасты. Бұл өмірде жайдан жай ештеңе келмейтіндігін біліп өстім сол үшін ата-анама алғыс айтқым келеді»,- деп ағынан жарылды Арслан Дамиров.
Мен ашқан орталықтың өзгеден ерекшелігі неде десеңіздер ол бірінші қағида – бұл методика. Яғни біздің методика өмірде қолданылуы керек. Азаматтар алған білімін орталықтан тыс жерде де пайдалана алуы шарт. Бұл – ең маңызды принцип. Алған білімін өмірде қолдана алуы қажет. Сондықтан біздің методика «орталықта алған біліміңді сен өмірде де қолдануың қажетсің» деген түсінікке негізделеді.
Екінші қағида – жаңа технологиялар. Ол технологияларсыз алға жылжымаймыз. Осы орайда біз өз жүйемізді ойлап таптық. Мен оны «Жаңа жұлдыз» деп атадым. Яғни азамат өзінің прогресін, ағылшынша қанша сөз үйренгендігін, қанша сабақ қалғандығын өзіне керек уақытта компьютерден біліп отырады.
Үшінші қағида. Басқа азаматтар үшін бұл маңызды емес шығар, бірақ мен үшін өте маңызды. Ол – дизайн. Яғни офис әдемі болу керек. Адамдардың көзіне ол тартымды, жағымды болуы қажет. Біз офистерді үйге жақын аумақта ашамыз. Бүгінде 6 офис жұмыс істеп тұр. Яғни бұл орталықтар жұмыстан немесе үйден 15 минут жерде орналасатын болады. Қалада ағылшын орталықтары жеткілікті. Олардың барлығы бір-біріне ұқсайды. Бұл – ең өзекті проблема. «ROCKET STUDY» орталығы осы 3 қағида негізінде жұмыс істеп отыр дейді кәсіптен нәсібін тауып жүрген азамат.
Қазіргі таңда 20 мұғалім жұмыйс істейді екен. Олардың жасы 23-27-де. Тапқан табыстары қомақты. Орталықта жұмыс істейтін ұстаздар 140 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін жалақы алады.
Ең бастысы мұғалімдердің педагогикалық білімі бар. Жас кәсіпкер ұстаздарды жұмысқа алған кезде, біріншіден олардың біліміне, екіншіден ағылшын тілін білу деңгейіне қарайды. Грамматикасын, жазуын тексереді. Үшіншіден, ең бастысы оның жұмысқа деген ниетіне қарайды екен. Яғни оның ұстаз болуға деген ниетіне баса мән береді. Орталықтағы негізгі аудитория – 9,10,11-сынып оқушылары. Осы жаста адам алдына мақсат қойып, биік белестерді бағындырғысы келеді. Бірақ жасөспірім рухани тұрғыдан өзіне бір нәрсе жетіспейтіндігін сезіне бастайды.
Ағылшын тілі білім алу үшін керек. Себебі, көптеген ақпарат ағылшын тілінен аударылмай жатады. Менің ойымша, әсіресе медицина қызметкерлеріне ағылшын тілі ауадай қажет деген пікірді ұстанады білімнен бизнеске ауысқан өрен.