No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері еліміздің жалпы ішкі өнімі 5%-ға өсті

12.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 5%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

“Осы жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,9%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті”, – деді Қуантыров үкімет отырысында.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсім қарқыны 13%-ті құрады.
Инвестиция ағыны көлік және қоймалауда – 56,8%-ке, саудада – 32,2%-ке, ауыл шаруашылығында – 22,1%-ке, білім беруде – 21,5%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ке артты.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд долларды құрады.
Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең.
Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,5%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 28,8%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 40,1%-ке және электр жабдықтарын жасау – 34,9%-ке өсті.
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,7%-ке жоғарылады. Бұл ретте мұнай өндіру – 5,6%-ке, газ өндіру – 2,5%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 17,4%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 3,2%-ке ұлғайды.
Сондай-ақ биыл қаңтар-маусымда 7,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,8%-ке жоғары.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында байқалды.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнесті дамытуға арналған грантты той мен кредитке жұмсаған

03.08.2022

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Отбасы Банкі “Ұмай” бағдарламасы жалғасатынын хабарлады

14.07.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа