No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Алматы облысында лимузин иелері мемлекетке бірнеше миллион қарыз

Лимузин иелеріне соңғы үш жылдың салығын қайта есептеген. Енді әрбір кәсіпкер көлік құралдарының салығы бойынша мемлекетке бірнеше млн теңге қарыз.

27.06.2022
Kazbusiness
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» кеңсесінде лимузиндердің 50-ге жуық иесі жиналды. Мән-жайларды анықтау үшін Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің, Талдықорған көлік прокуратурасы және әкімшілік полиция басқармасының өкілдері шақырылды.

Автокөлік иелерінің айтуынша, пайда болған берешекті мобильдік қосымшадан 2022 жылдың мамыр айында көрген. Бірден екі миллион аралығында салық берешегі анықталған. Осыдан кейін кәсіпкерлер Талғар ауданы МКБ-не өтініш білдірген. Салықты қайта есептеу Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Алматы облысы МКД-нің 19 мамырдағы тапсырмасына сәйкес 2019, 2020, 2021 жылғы 42 көлік құралы (лимузиндер) бойынша жүргізілгені туралы жауап берді. Көлік иелері бұған дейін 2019 және 2020 жылдар аралығында салықтарды D санаты бойынша автобустар ретінде төлегенін атап өтті

«2020 жылдан бастап пандемия кезінде біз жұмыс істемедік, көліктерге сұраныс болмаған соң, көліктер қозғалыссыз тұрды, сәйкесінше табыс та болмады. Бүгінгі таңда жағдай шиеленісе түсті, әрқайсымыздың бір-екі млн теңгеге дейін салық берешегіміз бар. Жеке сот орындаушылары өндірістік істерді қозғап, бізден салық төлеуді және өз қызметтері үшін берешек сомасының 25% төлеуді талап етеді. Сондықтан біз қайта есептеуді алып тастауды сұраймыз және оны заңсыз деп санаймыз», – деді кәсіпкер Айдос Үсенұлы.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкеновтың айтуынша, қайта есептеу тек облыста ғана емес, бүкіл республика бойынша жүргізілген.

«Бұл бүкіл Қазақстан бойынша өткізілуде. Бүгінгі таңда біз оны алып тастай алмаймыз. Қайта есептеу заң аясында жасалды» – деп жауап берді кәсіпкерлердің сұрағына МКД өкілі.

Прокуратура мен полиция өкілдері салық органының іс-әрекетінде кейбір қайшылықтардың бар екенін, заңнамада «лимузин» ұғымы жоқ екенін айтып өтті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары мәселені зерттейтін болады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Думан Керімбаев қарызды өндіріп алу процесін уақытша тоқтатуды ұсынды.

«Барлық іс жүргізу әрекеттерін мән-жай анықталғанға дейін тоқтата тұру қажет, себебі кәсіпкерлер наразы. Мен өз тарапымнан Алматы облысы бойынша бизнес-омбудсмен секторының меңгерушісі ретінде мәселені ҰКП проблемалық мәселелерінің тізіліміне енгізу үшін жолдайтын боламын және оның нәтижесі туралы кәсіпкерлерді хабардар етеміз», – деп мәлімдеді Думан Керімбаев.

 

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бизнес жайлы таңдаулы 7 кітап

24.10.2022

Алматы облысында дизель бағасын өсіргендер анықталды

31.08.2022

Жер сілкінісін ескертуші құралға 475 млн теңге жұмсалғаны рас па?

08.03.2024
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа