No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Егін науқаны: 16,1 млн гектар жерден астық жиналды

27.09.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды kazbusiness.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Оның ішінде астық жинау алаңы 16,1 млн га құрайды.

Оның сөзінше, қолайлы жағдайлар егін жинау науқанының көп бөлігін үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді, нәтижесінде бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,4 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы егін жинау алаңының 96,3%-ы жиналды. Орташа түсімділік гектарына 13,0 центнер көлемінде 20,1 млн тонна астық бастырылды.

Дақылдар бөлінісінде қарайтын болсақ, 12,6 млн гектар алқаптан бидай, 1,4 млн га жерден майлы дақылдар, 164,5 мың гектардан картоп, 149,6 мың га алқаптан көкөніс дақылдары жиналды.

Сондай-ақ Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Премьер-министрдің айтуынша, егін орағы аяқталып қалды. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде. Жалпы 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарлануда.

“Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті”,  – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр өнімділіктің оң динамикасын атап өтті: өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр, бұл 30%-ға жоғары.

“Бұл да болса – дихандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз”, – деді ол.

Премьер-Министр астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап,  астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді және оны үздіксіз тасымалдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

“Өңір әкімдері өнімнің астық қоймаларына уақытылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстасын. Келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керек”, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

“Балалардың тамағы қап-қара”: Қарағанды қаласының тұрғындары кәсіпорындардың жұмысын тексеруді сұрайды

28.12.2022

Қызылордада қызанақ пастасын шығаратын зауыт салыну жоспарлануда

26.09.2022

Алматы облысында автокөлік құралдарына алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды

22.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа