No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болады?

27.07.2022
Kazbusiness
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Салықтық міндеттемелерді уақытылы орындамаған жағдайда салық төлеушілер әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енуі мүмкін. Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болатынын Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді.

Салық кезеңі үшін Салық кодексінде белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаған жағдайда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады, оның ішінде:

1) заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация, дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;

2) заңды тұлғалар да, дара кәсiпкерлер де ойын бизнесiне салық, тiркелген салық бойынша декларацияны көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;

3) заңды тұлғалар да, дара кәсіпкерлер де екі салық кезеңі үшін оңайлатылған декларацияны ұсынбаған жағдайда.

Салық төлеуші өзінің әрекетсіз салық төлеуші тізімінде бар-жоғын kgd.gov.kz сайтында, «Электрондық қызметтер» мәзірінен «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөлімінде тексере алады.

 

Егер сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енсе

Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда мына талаптарды орындау қажет:

1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік материалды рәсімдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына келу.

Сенімсіз салық төлеушілер тізімінен алып тастаудың жалпы мерзімі – 5 жұмыс күні.

Тізімнен шығарылғанын 5 күннен кейін «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөлімінде сайттан тексеруге болады.

 

Әрекетсіз салық төлеуші болудың кемшіліктері

Әрекетсіз салық төлеушілер тізіміндегілердің мынадай салдары бар:

– ҚҚС бойынша есептен шығару;

– серіктестік қызметіндегі контрагенттердің күмәндануы;

– банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігінің болмауы.

2022 жылы әрекетсіз деп танылғандар барлық салық төлеушілердің саны 11 180 құрайды.

Байланысты Материалдар

Ресейдің экономика министрі елдің айтуынша, ел – Yahoo Finance Yahoo Finance

20.06.2025

Mega 16b парольдерін бұзу Крипто қауіпсіздік қорқынышын арттырады – Кокинтелрофа

20.06.2025

Трамп FRED STERSET-ті тұрақты түрде ұстағаннан кейін «кешікпей» -ге соғылды

20.06.2025

Чатгпе планета үшін керемет емес.Міне, AI-ді жауапкершілікпен пайдалану керек.- Washington Post

20.06.2025

Мереке жіңішкерленген сауда-саттықтағы фьючерстердің слипі – WSJ

20.06.2025

Майкрософт мыңдаған жұмыс орындарын бөледі.AI-дің еңбек нарығын қалай өзгерту керек.- Барронның

20.06.2025

Ұсынылатын материалдар

Серік Күдебаев өз кінәсін мойындап айыппұл тағайындауды сұрады

18.07.2023

2024 жылдан бастап қазақстандықтар үшін құжат жасату бағасы қанша болмақ

10.07.2023

Қазақстанда сусындар өндірісі 111 пайыздан асты

17.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа